"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


ЖИБЕК АЙТБАЕВА

ЖІБЕК АЙТБАЕВА

Эстрадалық әнші

Айтбаева Жібек Болатқызы 1988 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2004 жылы №17 орта мектепті бітіріп, сол жылы «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша музыкалық колледжге оқуға түскен. Колледжде оқыған жылдары «Ньюанс» вокалды ұжымында ән айтқан.

2008 жылы Павлодар педагогикалық институтына «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оны тәмамдағаннан кейін орта мектепте музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2013 жылы Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияның камералық хоры құрамында еңбек жолын жалғастырды. 2014 жылы Омск мемлекеттік университетінің «Аранжировка» мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы Омск мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратурасын аяқтады.

 

Шығармашлық жетістіктері:

– 2015 жылы Талдыкорған қаласында өткен республикалық вокалдық конкурстың лауреаты атанды;

– 2017 жылы Тараз қаласында өткен «Кел, Еркем Алатауыңа» республикалық конкурсында дипломант болды;

– 2019 жылы Естай атындағы мәдениет сарайында өзінің алғашқы «Жібек сезім» атты жеке концертін өткізді;

- 2020 жылы музыкалық педагогика және орындаушылық өнер саласындағы кәсіби білімін жетілдіру мақсатында сертификат алды;

– 2020 жылы Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясы мен Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан бірнеше алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарына ие болды;

– 2023 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында өзінің «Өмір» атты лирикалық жеке концертін өткізді;

– 2024 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында Серік Рысбек, Мадияр Бахтияровпен бірге «Все  меняет ноябрь» атты авторлық және cover ән кешін өткізді.

Жибек Айтбаева қала мен облыс, республика  деңгейінде өтетін концерттік іс-шараларға, сондай-ақ симфония, джаз және Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрлері ұйымдастаратын концерттерге үнемі белсенді қатысып, өнер көрсетеді.