
2023 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстықфилармониясы балалар мен жасөспірімдерге арналған маңызды мәдени-ағартушылық «ТАҒЫЛЫМ» жобасын жүзеге асырып келеді.
Филармония қызметі тек концерттер мен гастрольдерден тұрмайды. Оның басты миссияларының бірі – жас ұрпақты тәрбиелеу, оларды ұлттыққұндылықтарға, бай музыкалық мұраға, отандық және әлемдік өнердіңтаңдаулы үлгілеріне баулу.
Елдің ертеңі – бүгінгі жас буынның қандай болып қалыптасуынатікелей байланысты. Олардың қандай рухани бағдар ұстанатыны, қандайқұндылықтарды бойына сіңіретіні – қоғам үшін аса маңызды. Бұл реттеөнердің, әсіресе музыканың рөлі ерекше. Өнер адамның талғамынқалыптастырады, ой-өрісін кеңейтеді, жан дүниесін байытады, сезімталдықпен парасаттылыққа тәрбиелейді.
Қазіргі цифрлық дәуірде балалар мен жасөспірімдер уақыттың көпбөлігін виртуалды кеңістікте өткізеді. Тірі өнердің әсері кейде экранныңтасасында қалып жатады. «ТАҒЫЛЫМ» жобасы жас буынды шынайыөнермен, жанды дыбыспен, тікелей қарым-қатынаспен қайта табыстырады.
Жоба аясында филармонияның шығармашылық ұжымдары Павлодар қаласындағы білім беру мекемелеріне барып, тақырыптық концерттер, лекциялар, шығармашылық кездесулер мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Оқушылар классикалық, халықтық және заманауи музыканың бастаулары, әрдәуір композиторлары мен туындылары, музыкалық аспаптардың тарихы, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберліктің қыр-сыры туралы мол мағлұмат алады.
Жобаның айрықша құндылығы – тірі сұхбат пен шынайы байланыста. Филармония құрамында өнерлі әулеттердің өкілдері аз емес. Көпшілігініңата-аналық тәжірибесі мол, өмірлік ұстанымы берік. Олар балалармен тек кәсіби біліммен ғана емес, мәдениет, адамгершілік, отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, туған жерге сүйіспеншілік туралы ой-пікірлерімен де бөліседі. Бұл – жасөспірімдер үшін сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі өнеге.
«ТАҒЫЛЫМ» буындар сабақтастығын нығайтып, мәдени мұраға дегенқұрметті қалыптастырады, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең тұлғанытәрбиелеуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, әр отбасының театрға, концертке немесе музейге жиібаруға мүмкіндігі бола бермейді. Заманауи өмір ырғағы, ата-аналардыңжұмысы, балалардың оқу жүктемесі уақыт тапшылығын туындатады. Осы ретте жоба өнерді балалардың өз ортасына әкеледі.
Бүгінде бұл бастаманың нәтижесі айқын байқалады. Кездесулерденкейін оқушылардың музыкаға, әдебиетке, театр мен бейнелеу өнерінеқызығушылығы артады. Талғамы қалыптасып, мәдени ортаға саналыкөзқарас пайда болады. Көпшілігі музейлерге, көрмелерге, спектакльдер мен концерттерге жиі бара бастайды. Ал кейбірі болашақ мамандығын өнерменбайланыстыруды таңдайды.
«ТАҒЫЛЫМ» филармонияның өңір болашағына қосқан нақты үлесі. Бұл өнер арқылы адам тәрбиелеуге бағытталған жауапты әрі маңыздыжұмыс.