
Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармония тұрақты түрдежүзеге асырып келе жатқан «Ән аманат» жобасы – қазақтың дәстүрлі әнөнері мен ауызша музыкалық мұрасын сақтау, жаңғырту және кеңіненнасихаттауға бағытталған тағылымды мәдени бастама.
Цифрлық технологиялар қарқынды дамып, жасанды интеллект музыкалық кеңістікке батыл еніп, заманауи жанрлар үстемдік құрып отырғанкезеңде ұлттық фольклорлық мұра айрықша қамқорлық пен тереңжауапкершілікті талап етеді. Дәстүрлі ән – жай ғана музыкалық жанр емес, ол– халықтың рухани жадын, тарихи кодын, дүниетанымын айқындайтын асылқазына.
Қазақ даласы ғасырлар бойы ұлы ақындар мен жырауларды, термешілер мен сал-серілерді дүниеге әкелді. Олардың жыр-толғауларындатуған жердің сұлулығы, ел тарихындағы елеулі оқиғалар, батырлардың ерлігі, адамгершілік асыл қасиеттер, махаббат пен сенім жырланды. Жыр мен терме арқылы халықтың эпикалық мұрасы, философиялық ой-толғамдары, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен рухани сабақтастығы сақталды.
Ұлттық өнер тарихында Бұқар жырау, Жаяу Мұса, Иса Байзақов, ЕстайБеркімбаев, Майра Уәлиқызы сынды біртуар тұлғалардың есімі алтын әріппен жазылған. Олардың шығармашылығы – халық рухының, өнерқұдіретінің айқын көрінісі. Бүгінде көптеген туындылар «халық әні» депаталғанымен, олардың да өз авторлары болғаны белгілі. Уақыт көлеңкесіндекөмескі тартқан сол есімдерді жаңғырту – тарихи әділеттіліктің де біркөрінісі.
Әсіресе Павлодар өңірі қазақ өнеріне талай дарынды ақын-жырау, әнші-композиторларды сыйлаған қасиетті мекен. Олардың мұрасы бүгінгісахнада қайта жаңғырып, көрермен жүрегінен орын алуда.
Жобаның негізгі міндеттері:
– Павлодар облысының қала және ауыл-аймақтарынан дәстүрлі ән өнерініңжаңа есімдерін анықтау;
– жас орындаушылардың кәсіби шыңдалуына мүмкіндік жасау;
– кең аудиторияны қамтитын тұрақты концерттік бағдарламалар мен руханикештер ұйымдастыру;
– жас ұрпақтың жыр, терме және дәстүрлі ән жанрларына қызығушылығынарттыру;
– домбыра бастаған ұлттық аспаптардың құндылығын насихаттау.
Жобаның басты мақсаты – қазақтың бай музыкалық және ауызша поэтикалықмұрасын, дәстүрлі жанрларын заманауи аудиторияға түсінікті әрі жақынформатта дәріптеу.
«Ән аманат» жобасы аясында филармония сахнасында дәстүрлі өнердіңжаңа өкілдері – харизмасы айқын ақындар, талантты домбырашылар, әншілер мен жыршы-термешілер танылып, көрермен ықыласына бөленді. Бұл – ұлттық өнердің өміршеңдігін дәлелдейтін айқын көрсеткіш.
Дәстүрлі музыкалық мәдениетті сақтау мен жаңғырту бағытындағыжүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. «Ән аманат» – тек концерттік жоба ғана емес, ұлт руханиятын ұрпақтан-ұрпаққа аман жеткізудімақсат еткен тағылымды миссия. Біз бұл бастаманың ұлттық өнердіқадірлейтін көрермен тарапынан кең қолдау тауып келе жатқанынақуаныштымыз.