2022 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстықфилармониясы Павлодар қаласындағы «Музыкалық колледж – дарындыбалаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенімен бірлесіп«САМҒА» шығармашылық жобасын жүзеге асырып келеді.
Бұл жай ғана бірлескен концерттер емес. «САМҒА» таланттыжастардың үлкен сахнаға сенімді қадам басуына мүмкіндік беретін ауқымды, жүйелі әрі маңызды жұмыс.
.jpeg)
Жоба аясында жас музыканттар филармония артистерімен бір сахнадаөнер көрсетіп, тәжірибелі музыканттармен және вокалистермен біргедайындалады, жауапты концерттерге қатысады, үлкен залдың атмосферасын, көрерменнің ыстық ықыласын сезінеді.
.jpeg)
Мұндай тәжірибені ешбір байқау да, қарапайым оқу сабағы да толықалмастыра алмайды. Себебі сахнада нағыз шеберлердің қасында жүріп, олардың жұмыс барысын көру – бұл кәсіби қалыптасудың үлкен мектебі. Жасорындаушылар орындаушылық мәдениетті, сахна әдебін, тәртіп пенжауапкершілікті, өнерге деген құрметті бойына сіңіреді.
Әсіресе, танылған өнер майталмандары мен шақырылғанжұлдыздардың өнерін көріп, олармен қатар жұмыс істеу – жас таланттарүшін баға жетпес тәжірибе. Бұл жерде тек білім ғана емес, дәстүр, көзқарас, шығармашылық ойлау жүйесі беріледі.
.jpeg)
Жоба жүзеге асқалы бері оның көптеген қатысушылары кәсіби өміргесәтті жолдама алды. «САМҒА» түлектері Қазақстанның және шетелдіңжетекші консерваториялары, өнер академиялары мен университеттерінеоқуға түсіп, шығармашылық жолын абыроймен жалғастыруда. Олардыңкөпшілігі осы жобаны өздерінің үлкен өнерге бастаған алғашқы маңыздыбаспалдағы ретінде ризашылықпен атап өтеді.
.jpeg)
.jpeg)
Жоба ата-аналар мен ұстаздар үшін де аса маңызды. Өйткені ол балаларғанақты мүмкіндік, нақты тәжірибе береді. Бұл – жай ғана сахна емес, өзкүшіне сенуді, кәсіби талап деңгейін түсінуді және аға буынның қолдауынсезінуді үйрететін орта.
Бүгінде «САМҒА» буындар сабақтастығын нығайтатын, жасталанттардың қанатын қатайтып, биікке самғауына жол ашатын бірегей жоба. Осындай бастаманың өңірімізде жүзеге асуы үлкен жетістік әрі болашақ өнериелеріне көрсетілген шынайы қамқорлық.
