"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


ЖЕТПИСБАЕА АЙЖАН МУРАТОВНА

ЖЕТПІСБАЕВА АЙЖАН МУРАТҚЫЗЫ

«Ретро» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі

 

Жетпісбаева Айжан Муратқызы Павлодар қаласында дүниеге келген. Өнертану ғылымдарының магистрі.

№22 орта мектепте білім алған. 2011 жылы Павлодар музыкалық колледжін «Хор дирижерлеу» мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша бітірді. 2012 жылы хор дирижерлері арасындағы республикалық олимпиадаға қатысып, III орын иеленді.

2017 жылы Алтай мемлекеттік университетін «Өнертану» мамандығы бойынша (магистратура) үздік дипломмен аяқтады.

Еңбек жолын 2009 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығы мен «Шаңырақ» мәдени-демалыс орталығында «Ретро» вокалдық ансамблінің артисі ретінде бастады.

2012 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының артисі қызметіне ауыстырылды. 2013–2016 жылдары Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінде вокал сыныбының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2016 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» республикалық байқауына қатысты. 2016 жылдан бастап – «Ретро» вокалдық ансамблінің солисі, Павлодар облыстық филармониясының камералық хорының артисі.

2019 жылдан бастап «Ретро» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды. 2017-2021 жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар музыкалық-драма театрында хормейстер болып еңбек етті.

2019-2020 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің музыкалық кафедрасында оқытушы болды. 2021 жылдан бастап Музыкалық колледжде хор дирижерлеу бөлімінің оқытушысы қызметін атқарып келеді.