
ЖАНБОЛАТ БАЙСОЛТАН
Дәстүрлі әнші
Жанболат Байсолтан 1992 жылы Монголияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1997-2008 жылдары Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Үленты ауылында орналасқан мектепте оқыған.
2008-2012 жылдары Павлодар мемлекеттік С. Торайғыров атындағы университетінде «Музыкалық білім» мамандығы бойынша білім алған.
2014 жылдан бері Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында дәстүрлі әнші болып жұмыс атқарып келеді.
Шығармашылық жетістіктері:
– 2014 жылы Астанада өткен «Дүниежүзі қазақтарының өнер фестивалінің» дипломанты, облыстық байқаулардың лауреаты.
– 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында өткен Асет Найманбайұлы атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауының дипломанты.
– 2016 жылы Астана қаласында Павлодар облысының мәдениет күндеріне арналған концертке қатысқан.
– 2017 жылы «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Павлодар облысының «Ертістен Есілге Сәлем» атты мерекелік концертіне қатысқан.
– 2017 жылы Естай Беркімбаевқа арналған V республикалық дәстүрлі әншілер байқауында алғыс хат алған.
– 2018 жылы Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына арналған «Жайконыр» республикалық дәстүрлі әншілер фестиваліне қатысқан.
– 2018 жылы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының «Жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін» алғыс хатына ие болған.
– 2018 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінде Амре Қашаубаевтың 200 жылдығына арналған концертке қатысқан.
– 2018 жылы Астана қаласының 20 жылдығына арналған Павлодар облысының жәрмеңкесінде өнер көрсеткен.
– 2019 жылы «Қасиетті домбыра» республикалық байқауын ұйымдастыруға қатысқаны үшін алғыс хат алған.
– 2019 жылы Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архив және құжаттама басқармасынан алғыс хат алған.
– 2019 жылы Бухар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейінен алғыс хат алған.
– 2019 жылы Павлодар облысының әкімімен алғыс хат алған.
– 2021 жылы «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық байқауының қатысушыларын даярлағаны үшін сертификат алған.
– 2021 жылы Қасым Аманжолов атындағы республикалық байқауда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ...» 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталған.
Жанболат Байсолтан қалалық және облыстық концерттік іс-шараларға белсенді қатысады. Ол жан-жақты білімдерге ие, жоғары білікті және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман. Үнемі кәсіби білімін, дағдылары мен қабілеттерін арттыруға жүйелі және нәтижелі түрде жұмыс жасайды. Өзіне талапшыл, мейірімді, еңбексүйгіш.
Жұмыс барысында көптеген грамоталар, дипломдар мен сертификаттармен марапатталған, біліктілікті арттыру сертификаттары қоса тіркелген. Дисциплинарлық жазалары жоқ. Мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 10 жыл. Осы уақыт ішінде ол өзіне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, жауапкершілігі мол, тиянақты әрі еңбекқор маман ретінде танылды. Ол ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнатып, кез келген тапсырманы уақытылы және сапалы орындап, кәсіби біліктілігін көрсете білді. Сонымен қатар, бастамашыл, үйренуге құштар, және өз саласына қызығушылығы жоғары маман.