«Ретро» вокалдық ансамблі

1977 жылы Павлодар музыкалық колледждің түлектерінен «Ретро» вокалдық ансамблі құрылды және бүгінгі күнге дейін жұмыс жасап келеді. Ансамблдің негізін қалаған ҚР Мәдениет саласының үздігі Сәуле Рамазанқызы Балтина. Қазіргі көркемдік жетекшісі - Жетпісбаева Айжан Мұратқызы. 2016-2019 жылдары аралығында ансамблге Нұрғожинова Мәдина Қанатқызы жетекшілік етті. Вокалдық ансамблдің негізгі репертуары 60-80-ші жылдардың әндерінен топтастырылған. Ұжымның ерекшілігі – жанды дауыспен орындау және көп дауыстылық.
2012 жылы, Павлодар облыстық филармониясы ашылғаннан кейін, ансамбль филармонияның шығармашылық ұжымдарының қатарына енді.
«Ретро» вокалдық ансамблі түрлі концерттік бағдарламаларға қатысып, үлкен концерттерде жоғары мәртебелі қонақтар алдында өнер көрсетіп, жылдан-жылға өзінің кәсіпқойлығын арттырып келеді және тек облыстың ғана емес, бүкіл республика тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген шығармашылық ұжым.
Жетпісбаева Айжан Мұратқызы – «Ретро» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі. 2008 жылы музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернаттың студенті ретінде «Ретро» ансамблінің құрамында өнер көрсетіп жүрді. 2016 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында жұмыс істейді.