
ВЛАДИСЛАВ ГАЛАКТИОНОВ
Эстрадалық әнші
Галактионов Владислав Александдрұлы 1998 жылғы 2 маусымда Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2011 жылы фортепиано сыныбы бойынша музыка мектебін тәмамдады.
Кәсіби музыкалық білімді Минск қаласындағы Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде алып, 2019 жылы «Эстрадалық-джаздық ән айту» мамандығы бойынша «Әнші. Еркін ансамбль жетекшісі. Оқытушы» біліктілігін иеленді.
2025 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына солист қызметіне қабылданды.
Владислав Галактионов – жоғары музыкалық талғамы бар, шығармашылық әлеуеті зор жас артист. Ол сахнада өз мүмкіндіктерін барынша толық іске асыруға ұмтылып, Беларусь елінде алған мықты кәсіби мектебінің негізінде филармония репертуарына орындаушылық шеберліктің өзіндік стилін алып келді. Оның орындау мәнері эстрадалық-джаздық бағыттағы заманауи ойлау мен кәсіби тәртіпті үйлестіре білуімен ерекшеленеді.
Филармонияда жұмыс істегеніне көп уақыт өтпесе де, ол бірқатар ауқымды концерттік жобаларға қатысып үлгерді. Атап айтқанда, «The Soundtrack We Love» бағдарламасы мен Мукағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Ғашық жүрек» концертінде өзін джаздық бағытта да, эстрадалық поп-артист ретінде де жарқын қырынан көрсете білді.
«Лирика зимы» жобасы аясында «Ретро» вокалдық тобының солисі Камила Мусинамен дуэтте алғаш рет «Екі жұлдыз» әнін орындап, ансамбльдік орындау мәдениеті мен сахналық үйлесімділіктің жоғары деңгейін көрсетті.
Артистке әртүрлі жанрдағы шығармалар мен сан алуан сахналық образдар еркін бағынады. Ол үнемі орындаушылық шеберлігін жетілдіріп, кәсіби ізденіс үстінде жүріп, көрерменге шынайы әрі сапалы өнер ұсынуға талпынады.
Шығармашылық жетістіктері:
- 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған, Шахимардан Әбілов атындағы өңіраралық вокалдық байқаудың Гран-при иегері (Павлодар облысы, Қазақстан);
- 2016 жылы жастарға арналған вокал және музыка бойынша халықаралық
«Riga Symphony–2016» фестивалінің Беларусь іріктеу кезеңінің I дәрежелі лауреаты, «Поп-музыка – әлемдік хит» номинациясы (Минск қ., Беларусь Республикасы);
- 2016 жылы «Еуропа кубогы» халықаралық байқауының III дәрежелі лауреаты, «Эстрадалық вокал» номинациясы (Минск қ., Беларусь Республикасы).