"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


«Көктем сазы»

08 наурыз 2026 жыл                                                                   Павлодар қ.

 

«Көктем сазы» – махаббатқа арналған музыкалық тарту

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

8 наурыз күні сіздерді Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем сазы» мерекелік концертіне шақырамыз. Бұл күні филармония сахнасы көктемнің, сұлулық пен шабыттың ерекше атмосферасына бөленеді. Кіру – барлық ниет білдірушілер үшін тегін.

Күні: 08 наурыз (жексенбі)

Басталуы: 12:00

Өтетін орны: Иса Байзақов атындағы филармонияның концерт залы

8 наурыз – құттықтаулар мен жүрекжарды лебіздер ерекше шынайылықпен айтылатын, ауада көктем лебі сезіліп, жүректер мейірім мен нұрға толатын күн. Ізгі дәстүр бойынша Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы көрермендерін мерекелік концертке шақырады. Биыл да филармонияның шығармашылық ұжымы «Көктем сазы» атты айрықша бағдарламасын дайындады.

Бұл күні сахна сұлулық пен шабыттың әсем әлеміне айналады. Көктемгі көңіл күйді халық әуендері, романтикалық лирика және әлемдік хиттер сыйлайды. Оларды бір арнаға тоғыстыратын ортақ тақырып – әйел затына деген сүйіспеншілік, оның күш-қуаты, нәзіктігі мен ішкі нұрына деген құрмет.

Көрермендер алдында филармонияның шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді: «Лад» орыс халық аспаптар ансамблі, «Ретро» вокалдық ансамблі, «Шернияз» би ансамблі, сондай-ақ филармония солистері.

Мерекелік бағдарламаның қонақтары – «Deliz» жастар вокалдық дуэтінің қатысушылары. Концерттің ерекше көркі – филармонияның жетекші солистері Айбар Ашкеев пен Наталья Процкаяның өнер көрсетуі болмақ. Олардың орындауындағы шығармалар бағдарламаға шынайылық пен мерекелік сән береді.

Аруларға арналған кеште танымал әрі сүйікті туындылар шырқалады – сезімге толы Bésame Mucho шығармасынан бастап әлемдік поп-музыканың хиттеріне дейін, оның ішінде Can You Feel the Love Tonight («The Lion King» фильмінен), джаз классикасы It Don’t Mean a Thing және аңызға айналған Dancing Queen. Бағдарламаға ұлттық реңкті қазақстандық шығармалар мен халық әндері береді.

Концерт жүргізушілері – Наурыз Көшен мен Салтанат Темірқанова көктем мерекесінің жылы әрі шуақты атмосферасын қалыптастырады. Кіру – тегін.

 

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы. Назарбаев даңғылы, 1.