"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


«ВЕЧЕР СТАРИННОГО РОМАНСА»

2026 жылғы 04 сәуір                                                                        Павлодар қ.

 

«РОМАНСТАР КЕШІ»

 

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармониясы сіздерді көктемгі кешті ерекше музыкалық лирика мен жүрекке жақын поэзия атмосферасында өткізуге – «Романстар кеші» концертіне шақырады.

 

Күні: 04 сәуір (сенбі)

Басталуы: 17:00

Өтетін орны: И. Байзақов атындағы филармонияның концерт залы

 

Орыс романсы – нәзік әуен мен шынайы сезімге толы сөз үндескен, әрбір интонациясы адам жанының терең толғанысын жеткізетін ерекше өнер әлемі. Бұл кеште концерт залының сахнасында жанрдың шынайы классикасына айналған, талай буын тыңдармандардың сүйіспеншілігіне бөленген шығармалар шырқалады.

Концерт Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Виктор Денисенко жетекшілік ететін орыс халық аспаптары оркестрінің және «Лад» ансамблінің қатысуымен өтеді. Көрермендерді өздерінің әсерлі дауыстарымен баритондар Айбар Әшкеев, Әліжан Қазбеков, Алмас Мұқатай, сондай-ақ Малика Қазмағамбетова мен Асия Дәулетәлі қуантады. Кеш қонағы – Татарстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Дамир Сұлтанов. 

Бағдарламада орыс классикалық романстары мен танымал шығармалар орындалады: «Соловей» (А. Алябьев), «Ночь светла» (Н. Кузнецов), «Окрасился месяц багрянцем» (Г. Камалдинов), «Калитка» (А. Обухов), сондай-ақ көпшілікке сүйікті «Запрягу я тройку борзых», «Вдоль по улице метелица метёт», «Бубенцы», «Ямщик, не гони лошадей», «Белой акации гроздья душистые» шығармалары.

Концерттің музыкалық бояуын жарқын аспаптық нөмірлер толықтырады. Оркестр орындауында алғаш рет Ғ. Жұбанованың «Ақ құс» балетінен «Би» ұсынылады. Бұл шығарма үшін арнайы жаңа оркестрлік партитура жазылған. Дирижерлік пультте Анэль Шевчук болады. Көрермендер сондай-ақ А. Лоскутовтың «Домра мен оркестрге арналған концерті» шығармасын тыңдайды. Солисты – Қазақстан мәдениетінің үздігі Оксана Петрушкина.

Бағдарламаның тағы бір жарқын бөлімі П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетінен «Орыс биі». Солисты – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Дарина Бейсарова, дирижер – Виталий Жидков.

Көрермендер үшін ерекше тосынсый – баяншылар дуэтінің өнер көрсетуі. Дамир Сұлтанов пен халықаралық байқаулардың лауреаты Анэль Шевчук аңызға айналған «Прощайте, скалистые горы» композициясын орындайды.

Сондай-ақ бұл кеште В. Харламовтың «Орыс халық әндерінің тақырыптарына фантазиясы» шырқалады. Шығармада солист ретінде Татарстанның еңбек сіңірген артисі Дамир Сұлтанов өнер көрсетеді.

Бұл концерт әрбір әуені шынайы сезімге, жылылыққа және орыс романсының әсем дәстүріне деген сағынышқа толы лирикалық музыканың шынайы мерекесіне айналмақ.

МАҢЫЗДЫ! Естеріңізге саламыз: концерт басталғаннан кейін 10 минуттан соң концерт залының есігі жабылады. Залға сусындар мен тағам өнімдерімен кіруге қатаң тыйым салынады.

Билеттер филармония кассасында және Ticketon.kz онлайн сервисінде сатылады.

 

Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97

Эл.пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz