"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


СМАҒҰЛОВ ЖАНАТ ҚАЙЫРГЕЛДІҰЛЫ

СМАҒҰЛОВ ЖАНАТ ҚАЙЫРГЕЛДІҰЛЫ

Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі басшының орынбасары

Смағұлов Жанат Қайыргелдіұлы 1970 жылғы 5 маусымда Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Северное ауылында туған. Білімі – жоғары заңгерлік. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарған. 2015 жылдан бастап Ақсу қаласы әкімдігінде, Ленинский кенті әкімдігінде, Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасында заңгер болып еңбек етті. 2020 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына заңгер қызметіне ауысты. 2025 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы басшысының орынбасары қызметін атқарады. Бес баланың әкесі.