"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


СЕРИК РЫСБЕК

CЕРІК РЫСБЕК

ҚР мәдениет саласының үздігі, эстрадалық әнші

 

Рысбек Серік 1986 жылы 29 қыркүйекте Монғолия республикасында, Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.

1991 жылы ата-жұртқа оралып, Павлодар облысы Екібастұз ауданы Әлкей-Марғұлан аулына қоныстанған. 1992-2001 жылдары Әлкей-Марғұлан атындағы орта мектепте білім алды.

2003-2007 жылдары (П. И.Чайковский атындағы Музыкалық колледжінің) Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж-музыкалық мектеп интернатында «Дәстүрлі ән орындау» бөлімінде білім алды.

 

Шығармашлық жетістіктері:

– 2004 жылы облыстық «Хрустальный звон 2004» байқауының дипломанты;

– 2004 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған ІІ «Қазақша  караоеке» фестивальінің лауреаты (2 орын);

– 2004 жылы ІІ облыстық Естай Беркімбайұлы атындағы конкурстың лауреаты, 3 орын;

– 2005 жылы Естай атындағы Мәдениет сарайының «Аль-Аки » ансамблінің әншісі;

– 2007 жылы М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайында  вокал мұғалімі;

–2008 жылы Думан тобының құрамында «Жас қанат 2008» байқауында «Жас дарындар» сыйлығының иегері;

– 2008 жылы Павлодар облысының мәдениетін дамытуда зор үлес қосқаны үшін Павлодар қаласы әкімінің  Алғыс хатына ие болды

– 2008 жылы Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және қаланың қоғамдық-мәдениетін дамытуда зор үлес қосқаны үшін қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

– 2008 жылы «Ертіс жұлдыздары атты» студенттер мен орта және кәсіби оқу орындары тәлімгерлерінің  халықаралық фестивалінің 2 дәрежелі лауреаты

– 2009 жылы Тараз қаласында өткен Республикалық «Шәмші әндері» байқауының лауреаты, 3 орын;

– 2007 - 2011 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Музыка» бөлімінде білім алды;

– 2009 жылы Павлодар  қаласында өткен «Дос-Мұқасан» ансамбілінің 40 жылдығына арналған халықаралық студенттік-жастар фестивалінің лауреаты, 1 орын;

– 2009 жылы Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» байқауында  «Аль-Аки» ансамблі мен қатысып  лауреат атағына ие болды, 2 орын; 2013  жылы «Шаңырақ» орталығының әншісі;

– 2014 жылдан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының эстарадалық ән орындаушысы болып қызмет етіп келеді.

– 2015 ж. Халықаралық конкурстардың  лауреаты, Пезаро Дж. Россини атындағы консерваторияның профессоры Дундекова Евгенияның «Италиядағы казіргі замандық вокалдық өнер лекциясы» бойынша мастер класс алып, сертификатқа ие болды.

– 2016 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Павлодар облысының мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты мен марапатталды.

– 2016-2017 жылдары РФ, Барнауыл қаласы, Алтай мемлекеттік университеті, «Өнер» кафедрасында  магистрлік дәрежеге ие болды.

– 2017 жылы 5 шілде Семей қаласында композиторлар Теміржан Базарбаев пен Бекен Жамақаев атындағы І республикалық ән фестиваліне Павлодар облысы атынан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының эстрада әншісі ретінде арнайы шақырумен қатысты;

– 2017 жылы Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017»  Халықаралық көрмесі аясында Павлодар облыстық филармониясының   шығармашылық ұжымдары мен бірге Экспоның амфитеатрында өнер көрсетті;

– 2018 жылы 23 мамыр Мәдениет қызметкерлері күніне орай мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды;

– 2019 ж. - Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының «Жыл әншісі» номинациясы бойынша диплом;

– 2019 ж. – «Нұр Отан» партиясы Павлодар филиалының Алғыс хаты;

– 2020 ж. - Шәмші Қалдаяқов әндерінің вокалдық конкурсына қатысқаны үшін диплом, Шымкент қ.;

– 2020 ж. - Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының алғыс хаты;

– 2020 ж. - ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі шешімімен «Халық алғысы» мерекелік медалі;

– 2021 ж. - Облыстық «Тәуелсіздікті жырлаймын» авторлық ән байқауына қатысқаны үшін 2 дәрежелі грамота;

– 2021 ж. – Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының 75-жылдығына орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты;

– 2021 ж. – «Нұр Отан» партиясы Павлодар филиалының Алғыс хаты;

– 2021 ж. – Павлодар қ-сы 6679 әскери бөлімінің жеке құрамынан грамота.

          Серік Рысбек жылсайынғы ұйымдастырылатын мемлекеттік және республикалық, облыстық мәдени шаралардың барлығында белсене атсалысады. Филармонияның әртісі ретінде көптеген гастрльдік көнцерттермен фестивальдерде жиі өнер көрсетіп келеді.