
ШОЛПАН АҚЫЛБЕК
Эстрадалық әнші
Шолпан Ақылбек 1999 жылғы 23 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. 2013 жылы № 2 орта жалпы білім беретін мектепті тәмамдады.
2014 жылы Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж – музыкалық мектеп-интернатқа «Эстрадалық ән айту» сыныбы бойынша оқуға түсті.
2018 жылы Астана қаласындағы «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университеті «Эстрадалық орындаушылық өнер» мамандығы бойынша білімін жалғастырды. Шығармашылық жолында облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте лауреаты атанды.
2023 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының солисі қызметін атқарып келеді.
Шығармашылық жетістіктері:
– 2016 жылы Новосибирск қаласында (Ресей Федерациясы) өткен «Звёздный проект» халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты;
– 2017 жылы Алматы қаласында өткен «Планета искусств» халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты;
– 2017 жылы Астана қаласында өткен жас орындаушылардың республикалық вокалдық байқауының дипломанты;
– 2018 жылы Астана қаласында өткен «Қазақстан таланттары» халықаралық байқауының Гран-при иегері.
Шолпан Ақылбек – қуатты әрі көркем дауыспен ерекшеленетін дарынды өнер иесі. Ол орындаушылық тұрғыдан күрделі вокалдық шығармаларды жоғары деңгейде орындауымен көзге түседі. Артист облыстық және республикалық маңызы бар ірі мәдени іс-шараларға, гастрольдік сапарлар мен филармонияның қайырымдылық жобаларына белсенді қатысады. Әрбір музыкалық туындымен жауапкершілікпен әрі шығармашылық шабытпен жұмыс істеп, сахнада әсерлі де көркем бейне қалыптастыруға ерекше мән береді.