"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


САУЛЕ МУСИПОВА

СӘУЛЕ МУСИПОВА

Дәстүрлі әнші

 

Мусипова Сәуле Талгатқызы 1980 жылғы 21 ақпанда Көкшетау қаласында дүниеге келген. 1986-1995 жылдары Көкшетау қаласындағы №18 жалпы білім беретін мектепте оқыды.

1995-1999 жылдары Көкшетау қаласындағы Біржан сал атындағы музыкалық колледжде домбыра класында білім алды.

1999-2003 жылдары Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетінде (қазіргі Қазақ ұлттық өнер университеті) «Ұлттық аспаптар» мамандығы бойынша дәстүрлі ән класы негізінде кәсіби білімін жетілдірді.

 

Шығармашылық жетістіктері:

– 1998 жылы Көкшетау қаласында өткен «БАРД» аймақтық әншілер байқауының лауреаты;

– 2000 және 2002 жылдары Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысушы;

– 2001 жылы Ақмола облыстық «Сарыарқа самалы» байқауының лауреаты;

– 2003 жылы Астана қаласында өткен «Young Star» қалалық байқауында III орын иегері;

– 2006 жылы Баянауыл ауданында өткен Жеңістің 60 жылдығына арналған байқауда Гран-при иегері;

– 2014 жылы Естай атындағы дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты;

– 2018 жылы Естай Беркімбайұлының 150 жылдығына арналған халықаралық және республикалық дәстүрлі музыка фестивальдеріне қатысып, жоғары бағаланды;

– 2020 жылы «Майраның салған ізімен» республикалық дәстүрлі әншілер байқауында I орын иеленді.

Әр жылдары Павлодар облысының мәдениет басқармасы, облыс әкімдігі және Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы тарапынан Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарымен марапатталған. Мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 20 жыл.

Сәуле Мусипова табиғи дарынымен, терең сезімталдығымен және ұлттық әнге деген ерекше ілтипатымен дараланатын өнер иесі. Оның әрбір сахнаға шығуы залдың шынайы көркіне айналады.

Әнші қазақтың дәстүрлі әндерін, Майра Уәлиқызының мұраларын асқан нәзіктікпен, ұлттық бояуын сақтай отырып орындайды. Сонымен қатар заманауи отандық және шетелдік авторлардың шығармаларын да жоғары талғаммен жеткізіп, тыңдарман жүрегіне жол таба біледі. Жуырда өткен голливудтық киношедеврлер саундтректеріне арналған концертте «Titanic» фильмінен орындалған әні көрермендерге ерекше әсер қалдырды.