
САЛТАНАТ ТИМИРКАНОВА
Эстрадалық әнші
Тимирканова Салтанат Ерланқызы 1983 жылғы 22 қазанда Новосибирск қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Новосибирск қаласындағы №1 мектепті тәмамдады.
2001 жылы Новосибирск гуманитарлық университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 2006 жылы оқуын табысты аяқтады. 2014 жылы Павлодар педагогикалық университетіне «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша қабылданып, 2016 жылы аталған оқу орнын тәмамдады.
2014 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында солист-жүргізуші қызметін атқарып келеді.
Шығармашылық жетістіктері:
– 2014 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Құрмет грамотасымен марапатталды;
– 2015 жылы облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Құрмет грамотасына ие болды;
– 2015 жылы Италияның Пезаро қаласындағы Дж. Россини атындағы консерватория профессоры Е. Дундековадан «Италияның вокалдық өнері және қазіргі заман» тақырыбындағы сертификат алды;
– 2017 жылы «Dionis» республикалық байқауының Гран-при иегері атанды;
– 2018 жылы «MEMORIAD KAZAKHSTAN» қоғамдық қорының Алғыс хатымен марапатталды;
– 2019 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Алғыс хатына ие болды;
– 2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің қолбасшылығынан Алғыс хат алды;
– 2020 жылы «Қазақстанның қазіргі музыкалық мәдениеті контексіндегі музыкалық педагогика және орындаушылық өнер» тақырыбында біліктілігін арттыру туралы сертификат иеленді;
– 2020 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Алғыс хатымен марапатталды;
– 2021 жылы Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Құрмет грамотасына ие болды;
– 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанат қалалық және облыстық деңгейдегі концерттік іс-шараларға белсенді қатысады. Терең әрі жан-жақты білімімен, жоғары кәсіби даярлығымен және еңбек тәртібімен ерекшеленеді. Кәсіби білімін, біліктілігі мен орындаушылық шеберлігін жүйелі түрде жетілдіріп келеді.