
СӘКЕНОВА РАХИЯ ҚАБИҚЫЗЫ
Бухгалтер
Сәкенова Рахия Кабиқызы Павлодар облысы, Щербакты ауданына қарасты Есілбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2021 жылы Қазақстан-Америка еркін университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы бастап, Лебяжі ауданындағы ауылдық кеңесте бухгалтер болып қызмет атқарған. 2013 жылдан бастап Павлодар облысының дін істері басқармасында еңбек етті. 2016 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында бухгалтер қызметін атқарып келеді.