"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


ПЕТРУШКИНА ОКСАНА ВИКТОРОВНА

ПЕТРУШКИНА ОКСАНА ВИКТОРОВНА

ҚР мәдениет саласының үздігі, «Лад» орыс халық аспаптары ансамблінің көркемдік жетекшісі

 

Петрушкина Оксана Викторовна Павлодар қаласында дүниеге келген. 1994 жылы П. И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесін домбыра (домра) сыныбы бойынша тәмамдады. Оқытушысы – Андрес Г. П.

Еңбек жолын 1994 жылы №3 балалар музыка мектебінде оқытушы ретінде бастады. 1995 жылдан бастап «Сувенир» орыс халық аспаптары ансамблінде қызмет атқарды.

2012 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының «Лад» халық аспаптары ансамблінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Педагогика ғылымдарының магистрі. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде диссертация қорғаған.

2021 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» құрмет белгісімен марапатталды. Мәдениет саласындағы жалпы еңбек өтілі – 30 жылдан астам.

Шығармашылық қызметі барысында Қазақстан Республикасы, Алтай өлкесінің Мәдениет министрлігі, Орынбор, Омбы облыстары, Башқұртстан Республикасы, Тверь облысы, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы, Кемерово облысы, Санкт-Петербург қаласының Үкіметі атынан ұйымдастырылған байқаулардың лауреаттарын даярлағаны үшін дипломдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің жетекші халық аспаптары орындаушыларымен кәсіби шығармашылық байланыс орнатқан. Қазақстан және ТМД елдеріне танымал өнерпаздардың қатысуымен шеберлік сабақтарын, концерттер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырушы.