"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


ОНОПРИЕНКО АНАТОЛИЙ ФЕДОРОВИЧ

ОНОПРИЕНКО АНАТОЛИЙ ФЁДОРОВИЧ

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері

 

Оноприенко Анатолий Фёдорович 1946 жылғы 29 қыркүйекте Павлодар облысы Успен ауданына қарасты Лозовое ауылында дүниеге келген. Үйленген. Екі ересек баласы бар – ұлы мен қызы.

Успен орта мектебін аяқтағаннан кейін бір жыл Белоцерков сегізжылдық мектебінде еңбек етті. Химия, сызу, ән айту, дене шынықтыру пәндерінен сабақ беріп, ауыр атлетика, классикалық күрес, спорттық гимнастика және үстел теннисі бойынша спорттық секцияларды жүргізді.

1965-1968 жылдары Кеңес Армиясының әскери үрмелі оркестрінде қызмет атқарды (Львов қаласы).

1968-1972 жылдары П. И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық училищесінде білім алды.

1972-1985 жылдары «Орфей» вокалды-аспаптық ансамблінің құрамында жұмыс істеді.

1976 жылы Металлургтер сарайында балалар үрмелі оркестрін ұйымдастырды. 1980 жылы бұл ұжымға «Үлгілі» атағы берілді. Оркестр 35 жыл бойы тұрақты жұмыс істеп, 2011 жылы өз қызметін аяқтады.

1980-1985 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында білім алды.

1986-1987 жылдары Павлодар облыстық кәсіподақтар кеңесі жанындағы ОМДСТ директоры қызметін атқарды.

2000 жылы Павлодар қаласының әкімі Николай Иванович Чмыхтың тапсырмасымен қалалық үрмелі оркестр құрылып, оны 2015 жылға дейін басқарды.

2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінде еңбек етуде. Мәдениет саласындағы жалпы еңбек өтілі – 61 жыл.

Шығармашылық қызметінің негізгі кезеңдері мен маңызды жетістіктері:

– 1980 жылы «Орфей» ВИА-сының Мәскеу қаласында орталық теледидарда «Споёмте, друзья» бағдарламасына қатысуы (бағдарламаны Л. Лещенко жүргізді);

– 2005 жылы Н. Г. Шафермен бірлесіп «Золотистые рассветы» атты лазерлік дискінің жарық көруі;

– Ресейдің «Композитор» орталық баспасы арқылы Н. Г. Шафердің «Вечерний вальс» атты музыкалық шығармасының эстрадалық-симфониялық оркестрге арналған партитурасының басылып шығуы;

– 2013 жылы прокатқа шыққан «Собачий рай» көркем фильмінде (сценарий авторы А. Адабашьян) Павлодар қаласының үрмелі оркестрінің орындауындағы Н. Г. Шафер вальсінің орындалуы;

– Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н. А. Назарбаевтың екі мәрте сенімді өкілі болуы (2011 және 2015 жылдары);

– 2006 жылы «Мәдениет қайраткері» құрметті атағының берілуі;

– 2012 жылы «Еңбек даңқы аллеясына» енгізілгені туралы сертификатпен марапатталуы.