
САРҚАМБАЕВ НҰРЖАН АХМЕТБЕКҰЛЫ
ҚР мәдениет саласының үздігі, эстрадалық әнші
Сарқамбаев Нұржан Ахметбекұлы 1977 жылдың 21 қыркүйегінде Семей облысы (қазіргі Абай обл), Үржар ауданы Тасбұлақ ауылында дүниеге келген. 1984-1994 ж. Тасбұлақ ауылындағы орта мектепті бітірді. 1995-1997 ж. әскери міндетін атқарды.
1999-2003 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Саз және ән» мамандығында оқып, «музыка мұғалімі» біліктілігін алды.
2022-2024 жылдары Торайғыров университетінің магистратурасында «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім алып, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
2005-2016 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің студенттік филормониясында әнші болып жұмыс жасады.
2010 жылдан бері Жұсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ-музыкалы драма театрында актер болып қызмет жасайды.
2012 жылдан бері Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясының Р.Омаров атындағы қазақ-ұлт аспаптары оркестрінде әншімін.
2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығында «Шаңырақ сазы» ансамблінің әншісімін.
Жарияланымдары:
«Қазақ дәстүрлі әндерінің мәдени этикалық мазмұны» атты мақаласы ХХІІІ Сәтпаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды. Павлодар 2023 жыл. «Дәстүрлі ән-халық мұрасы» атты мақаласы ХХІV Сәтпаев оқулары» халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды. Павлодар 2024 жыл.
Тағылымдамасы: Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті. 13.11-24.11.2023 жыл. Сертификат №КВU 150/27/11/2023.
Шығармашылық жетістіктері:
– 2002 жылы Тараз қаласында өткен «Жас толқын» фестивалінің дипломанты;
– 2002 жылы Павлодар қаласында өткен «Ертіс жұлдыздары» фестивалінің II дәрежелі жеңімпазы;
– 2009 жылы «Ғасырлар жырлайды» атты облыстық жыршы-термешілер байқауының 3 орын иегері;
– 2010 жылы «Үздік оқытушы» конкурсының лауреаты «Университеттің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін» номинациясының иегері;
– 2012 жылы «Ғасырлар жырлайды» атты облыстық жыршы-термешілер байқауында 1 орын иегері. Облыстық мәдени-әдеби іс-шараларға белсене қатысқаны үшін құрмет граммоталары, алғыс хаттарымен марапатталды;
– 2017 жылы «Мен қазақпын» республикалық дәстүрлі әншілер, термешілер және күйшілердің телевизиялық мега жобасының облыстық байқауында кәсіби деңгейде үздік өнер көрсеткені үшін 1орынға ие болды. «Аймақтық үздік термеші» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, халықаралық кезеңге қатысты;
– 2018 жылы «Жылдың ең үздік музыканты» номинациясының жеңімпазы;
– 2019 жылы «Мәдениет және өнер саласына сіңірген қомақты үлесі үшін» облыс әкімі грантының иегері;
– 2020 жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;
– 2023 жылы «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісі.
Біліктілікті арттыру курстары:
– 2013 жылы сертификат «Физическая культура-здоровье и гармония нации» халықаралық онлайн дөңгелек үстелі. Павлодар қ.
– 2018 жылы сертификат «Күй атасы Қ.Сағырбайұлына арналған ұлт-аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі». Атырау қ.
– 2019 жылы сертификат «Жанарымдағы жалғыз әуен» шеберлік сыныбы (192 сағат), Астана қ.
– 2019 жылы сертификат «Актерлік шеберлік және режиссура» бағыттары бойынша шеберлік сыныбы. Нұр-Сұлтан қ.
– 2019 жылы сертификат «Сахна мәдениеті» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы (24сағат), Павлодар қ.
– 2020 жылы сертификат «Қазақтың тарихи қаруы - бес қару негіздері және семсерлесу өнерінің қыры мен сыры» тақырыбындағы шеберлік сағаты. (36 сағат) Нұр - Сұлтан қ.
– 2022 жылы сертификат «Вокалдық өнердегі эстрадалық ән айтудың ерекшеліктері». (72сағат) Павлодар қ.
– 2022 жылы сертификат «Қазақстандағы театр фестивальдерінің көркемдік ерекшеліктері» және «Бүгінгі театрлық үрдіс» тақырыбындағы шеберлік сыныбы. (36 сағат) Павлодар қ.
Ән репертуарлары:
Р.Омаров атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен орындайтын әндер:
«Өз елім» сөзі: Қ.Мырзәлі, әні: Н.Тлендиев
«Саржайлау» сөзі: М.Мақатаев, әні: Н.Тлендиев
«Маралдым» сөзі: М.Әлімбаев, әні: Ә.Бейсеуов
«Сүйген болсаң, сағынарсың» сөзі: М.Әлімбаев, әні: Ш.Қалдыаяқов
«С.Торайғыровты еске алу» әні: А.Абдыкаримов
«Құсни Қорлан» - Естай
«Малайсары» әні: Қ.Сәтиев
«Әкем-әнім» әні: Қ.Сәтиев
«Туған жер» сөзі: А.Тұрғанбек, әні: А.Абдыкаримов
«Есілді бойлап жүрген шақ» сөзі: С.Байбосынов, әні: Д.Ұябай
«Қарағым-ай» халық әні
«Домбырашы қалқама»
«Айналайын» әні: Қ.Тасбергенов
«Таң сыры» сөзі: С.Жұмаділов
«Аққулар» - Мейрам Ермекбаев