"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


НУРУМБЕТОВА АЛИЯ БАЛТАБЕКОВНА

 

НҰРУМБЕТОВА ӘЛИЯ БАЛТАБЕКҚЫЗЫ

Әдіскер

Нурумбетова Алия Балтабековна Ермак қаласында (қазіргі Ақсу) дүниеге келген. Еңбек жолын 1989 жылы ауылдық мәдениет үйінде көркемдік жетекші ретінде бастаған. 1990-1994 жылдары Ермаков аудандық мәдениет бөлімінің Қалқаман кентіндегі мәдениет үйі жанындағы автоклуб меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылы дикторлар байқауына қатысып, «Коммерциялық телевизиялық арна» ЖШС-не (КТК-7) жұмысқа қабылданды. «Музыкалық ашықхат» бағдарламасының жүргізушісі, сондай-ақ облыс пен қала мәдениетінің жаңалықтарына арналған «Диапазон» авторлық жобасының авторы әрі жүргізушісі болды. 2001-2005 жылдары жаңалықтар бағдарламасында тілші қызметін атқарды. 2005 жылы бас редактор болып тағайындалып, бұл қызметте 14,5 жыл еңбек етті. 2012–2020 жылдар аралығында «NS–Павлодар» радиосында редактор және радиожүргізуші қызметін қоса атқарды. 2018-2021 жылдары «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-ның «Энергетик» корпоративтік газетінде өндірістік тақырыптағы материалдар мен еңбек адамдары туралы очерктер дайындады. 2021 жылдың сәуір айынан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында концерттік-гастрольдік бөлімнің менеджері қызметіне қабылданып, сол жылы әдіскер лауазымына ауыстырылды. Аймақтық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің грантымен екі рет марапатталған. Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен, Павлодар облысы Журналистер одағының әлеуметтік-құқықтық тақырыптағы бағдарламалар топтамасы үшін берілген сыйлығымен, сондай-ақ басқа да марапаттар мен дипломдардың иегері. 1996 жылы өткен «Алтын дауыс» қалалық байқауында авторлық ән орындау бойынша І орын иеленген.