"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


НУРГОЖИНОВА МАДИНА КАНАТОВНА

НҰРҒОЖИНОВА МАДИНА ҚАНАТҚЫЗЫ

ҚР мәдениет саласының үздігі, камералық хордың көркемдік жетекшісі

 

Нұрғожинова Мадина Қанатқызы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1990-1998 жылдары Құрманғазы атындағы Павлодар музыкалық мектебінде хор дирижерлігі сыныбы бойынша білім алған.

1998-2002 жылдары П. И. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледжінде Жармұхамбетова Мадина Қайырбекқызының сыныбында оқыды.

Еңбек жолын 1999 жылы «Ретро» вокалдық ансамблінің солисі ретінде бастады.

2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясын «Хор дирижерлігі» мамандығы бойынша (оқытушы Кужамқұлова С. К. сыныбы) тәмамдады. Оқу барысында вокалдық ансамбль құрамында өнер көрсетіп, көркемөнерпаздар хорымен және музыка мектебі жанындағы балалар хор ұжымымен жұмыс істей отырып, шығармашылық қызметті белсенді түрде жүргізді. Оқу жылдары ішінде бірнеше мәрте республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы әрі жүлдегері атанды. Академияны аяқтағаннан кейін туған қаласына оралып, Павлодар музыкалық колледжінде педагогикалық қызметін және Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында шығармашылық қызметін бастады.

2006-2009 жылдары филармонияның камералық хорында артист, 2009-2015 жылдары ұжымның хормейстері қызметін атқарды.

2013-2015 жылдары «VIVO» тобының жетекшісі, 2015 жылдан бастап «SAMIYAN» тобының жетекшісі, 2016-2019 жылдары «Ретро» вокалдық ансамблінің жетекшісі болды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының камералық хорының көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

 

Шығармашылық жетістіктері:

– 2016 жылы «Павлодар облысының мәдениет саласының үздік қызметкері» байқауының лауреаты;

– 2018 жылы Бурабай курорттық аймағында өткен Өнердің V Халықаралық ассамблеясының вокалистер байқауында I орын;

– 2018 жылы камералық хордың 15 жылдығына орай Павлодар филармониясының басшысы А. К. Кожановтың алғыс хаты;

– 2018 жылы «Astana–The Voice Of The World» халықаралық фестивалінің сертификаты;

– 2019 жылы «International Art Competition» халықаралық байқауының I дәрежелі лауреаты (Түркия);

– 2019 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) өткен «Grand Music Art» музыканттар арасындағы VI Халықаралық байқаудың II дәрежелі лауреаты;

– 2019 жылы Омбы қаласында (Ресей) өткен «Сибирь зажигает звёзды» халықаралық конкурс-фестивалінде «Үздік жетекші» номинациясының жеңімпазы;

– 2019 жылы Омбы қаласында (Ресей) өткен «Сибирь зажигает звёзды» халықаралық конкурс-фестивалінде «SAMIYAN» тобының I орын алуы;

– 2019 жылы Қарағанды қаласында өткен «Жұлдыз – 2019» республикалық эстрадалық орындаушылар байқауында «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша жеңіс;

– 2020 жылы Мәскеу қаласында (Ресей) өткен «Радуга искусства» халықаралық таланттар бірлестігінің «Голос лета – 2020» Бүкілресейлік байқауының Гран-при иегері;

– 2021 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының 75 жылдығына орай Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы басшылығының құттықтау хаты;

– 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы Польша Елшілігінің қолдауымен «Polska Jednosc» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған Анна Герман атындағы «Эхо любви» III Қазақстандық ән фестивалінің директоры тарапынан берілген алғыс хат;

– 2024 жылы Нұрғожинова Мадина Қанатқызының жетекшілігіндегі «TABRIZ» тобы Түркияның Алания қаласында өткен «GLOBAL ART COMPETITION» халықаралық байқауында Гран-при иеленді;

– 2024 жылы Нұрғожинова Мадина Қанатқызының жетекшілігіндегі камералық хор Павлодар облысы әкімінің Грантына ие болды;

– 2025 жылы «SAMIYAN» тобы Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өткен «ULY DALA» халықаралық вокалдық-хор өнері фестивалінде сәтті өнер көрсетіп, дипломант атанды;

– 2025 жылы Нұрғожинова Мадина Қанатқызы қазақ халық шығармалары мен заманауи отандық авторлар туындыларының авторлық аранжировкаларынан тұратын ноталық жинақ шығарды.

Мадина Қанатқызы Нұрғожинова терең әрі жан-жақты білімге ие, жоғары білікті және тәртіпті маман. Ең батыл, ауқымды шығармашылық идеялар мен жобаларды жүзеге асырып, қолдауға қабілетті. Оған әділдік сезімі, өзіне деген талапшылдық, айналасындағыларға құрметпен қарау тән; ол – ілтипатты, ашық-жарқын, әріптестері арасында зор құрмет пен беделге ие.

Хормен жұмыс барысында Мадина Қанатқызы шығармашылық және сахналық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін үнемі іздестіреді. Оның табысты әрі көрсеткішті тәжірибелерінің бірі – ұжым құрамында шағын ансамбльдердің құрылуы, атап айтқанда «SAMIYAN» ерлер вокалдық квинтеті мен «TABRIZ» әйелдер вокалдық квинтеті. Бұл жұмыс форматы ұжымның репертуарлық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге жол ашты.

Шағын ансамбльдермен жұмыс істеу артисттерге тек үлкен хор ұжымының құрамында ғана емес, сонымен қатар ансамбльдік және акапелла орындауда өздерін сынап көруге, әртүрлі жанрлар мен бағыттардағы музыкалық шығармаларды меңгеруге мүмкіндік береді. Ерлер және әйелдер вокалдық квинтеттері камералық хормен қатар есептік, мерекелік, мерейтойлық іс-шараларға, сондай-ақ филармонияның жоспарлы репертуарлық және гастрольдік концерттеріне тұрақты түрде әрі белсенді қатысып келеді.

Оның шығармашылық қызметінің ажырамас бөлігі – музыкалық материалды ұсынудың жаңа формалары мен тәсілдерін үздіксіз іздеу. Вокалдық ансамбль мен хорға арналған шығармаларды авторлық өңдеу және аранжировка жасау ісімен белсенді айналысады, бұл туындылар ұжымдар тарапынан мемлекеттік деңгейдегі ауқымды мәдени іс-шаралар мен филармония сахнасындағы жоспарлы концерттік бағдарламаларда орындалады.