"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


«Наурыз. Көктемгі жаңғыру симфониясы»

2026 жылғы 29 наурыз                                                                      Павлодар қ.

«Наурыз. Көктемгі жаңғыру симфониясы»

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы сіздерді симфониялық оркестрдің тамаша көктемгі концертіне шақырады. «Наурыз. Көктемгі жаңғыру симфониясы» - сүйікті ұжыммен өтетін жылы әрі достық кездесу, музыка, жарық пен жаңарудың шынайы мерекесіне айналмақ.

Күні: 29 наурыз (жексенбі)

Басталуы: 17:00

Өтетін орны: И. Байзақов атындағы филармонияның концерт залы

Көктем өз өрісін кеңге жайып, сахна төріне виртуоздар оркестрі шығады. Өңірдің мақтанышына айналған, жоғары кәсібиліктің символы саналатын атақты ұжым дәстүр мен заманауилық, академиялық нақтылық пен көктемнің жанды лебін тоғыстырған көркем бағдарламасын ұсынады.

Дирижёр – Дияс Усенов. Бұл кеште көпшілік сүйіп тыңдайтын академиялық баритондар Айбар Ашкеев пен Алижан Казбеков өнер көрсетеді.

«Айбар Ашкеев аңызға айналған «A'Studio» тобының хит әндерінен құралған эстрадалық-симфониялық попурриді ұсынады. Бұл классикалық сахна мен заманауи эстрада арасын жалғаған жарқын музыкалық көпір болмақ. Ал Алижан Казбеков қазақ вокалдық классикасының інжу-маржандары – «Құсни-Қорлан» мен «Көзімнің қарасы» шығармаларын орындайды. Филармонияның академиялық солистеріне тән барқыт тембр, сахналық еркіндік пен артистизм белгілі композицияларға жаңа симфониялық тыныс беріп, шынайылық пен асқақтыққа толы ерекше атмосфера қалыптастырады», – деп атап өтті филармония өкілдері.

Концерт бағдарламасында сондай-ақ заманауи отандық композиторлардың ауқымды оркестрлік туындылары мен аспаптық нөмірлері орындалады: Әділ Бестыбаевтың «Голос Азии», Төлеген Мұхамеджановтың «Серке ариясы» және «Детство» («Волчонок среди людей» фильмінен), Данияр Бержапраковтың «Путь номадов», «Отан Ана» аспаптық композициясы, сондай-ақ ұлы Абайдың мәңгілік мұрасы «Сегіз аяқ», виртуоздық «Былқылдақ» және, әрине, лирикалық «Қазақ вальсі».

«Наурыз. Көктемгі жаңғыру симфониясы» –  сүйікті оркестрмен, шеберлігі, кәсібилігі және сахнаға адалдығы әрдайым құрмет пен сүйсініс тудыратын артисттермен көптен күткен кездесу.

МАҢЫЗДЫ! Концерт басталғаннан кейін 10 минут өткен соң зал есігі жабылады. Сусындар мен тағамдарды алып кіруге қатаң тыйым салынады!

Билеттер филармония кассасында және Ticketon.kz онлайн-сервисінде сатылады.

Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97

Электрондық пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz