"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


Наурыз Көшен

Наурыз Көшен

Эстрадалық әнші

өмірбаяны

    Наурыз Көшен 1996 жылғы 23 наурызда Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Муткенов ауылында дүниеге келді.

 

  • 2003–2012 жылдары Павлодар қаласындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектепте білім алды.
  • 2012–2016 жылдары Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін музыкалық білім беру бөлімі бойынша тәмамдады.

 

     Бала кезінен өнерге, әсіресе ән айтуға қызығушылық танытты. Негізгі оқуымен қатар М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайындағы «Жас дәурен» вокалдық тобының мүшесі болды, сондай-ақ Павлодар қаласындағы №2 музыкалық мектепте ән салу бөлімі бойынша дәріс алды.
Осы кезеңде қалалық және облыстық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралар мен концерттерге белсенді түрде қатысып отырды.

 

Жетістіктері:

  • 2014ж. - «Екі жұлдыз» байқауынының І иегері, Павлодар қ.
  • 2016ж. – «Жұлдыз» байқауының І дәрежелі дипломанты, Қарағанды қ.

 

    Қазіргі таңда Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы мен «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы орталығының эстрада әншісі қызметін атқарып келеді.