
НАТАЛЬЯ ПРОЦКАЯ
Эстрадалық әнші
Процкая Наталья Викторовна 1988 жылы дүниеге келген. Лебяжі орта мектебін бітіріп, 2004 жылы Павлодар қаласындағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық колледжге эстрадалық вокал бөлімінде оқуға түсті. Колледжде оқыған жылдары барлық мәдени шараларға белсенді қатысты.
Шығармашлық жетістіктері:
– 2007 жылы облыстық «Ертіс Жұлдыздары» конкурсына қатысып, сол жылы Талдыкорған қаласында өткен Республикалық «Дельфийские игры» конкурсына қатысты;
– 2008 жылы «Ертіс жулдыздары» республикалық конкурсына вокалдық квартетпен қатысып, 1 орынға ие болды;
– 2008 жылы «Алтын дауыс» атты танымал музыка фестиваліне қатысып, диплом алды;
– 2008 жылы Павлодар облысының қорғаныс департаментінің бастамасымен өткен патриоттық әндер конкурсында дипломға ие болды;
– 2008 жылы «Жылдың үздік оқушысы» аталымында I орынға ие болып, Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуовтің атынан мәдени өмірге белсене қатысқаны үшін марапатталды;
– 2008 жылы балалар музыкалық мектебінде вокал пәнінен мұғалім болып жұмысқа кірісіп, «Достық үйінде» вокалдық ұжымның жетекшісі болып тағайындалды. Осы кезеңде көптеген грамота мен алғыс хаттарға ие болды;
– 2008 жылы Астана қаласында өткен «Шабыт» республикалық конкурсына қатысып, өз өнерін көрсетті;
– 2013 жылы Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына эстрадалық вокал солисі ретінде жұмысқа орналасты;
– 2014 жылы Павлодар қаласының «Балауса-2014» қалалық фестивалінде әділқазылар алқасының мүшесі ретінде көрсеткен көмегі үшін алғыс хат алды;
– 2014 жылы «Отаным-Казахстан» фестивалі аясында өткізілген мастер-класқа қатысқаны үшін білім бөлімінің басшылығынан алғыс хат алды;
– 2014 жылы Павлодар мемлекеттік университетінде біліктілікті арттыру курсын аяқтап, сертификат алды. Сол жылы Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А. Орсариевтің қолынан этнокультурлық бірлестіктердің жастар форумына қатысқаны үшін сертификат алды;
– 2015 жылы жыл сайын өтетін «Екі жұлдыз» қайырымдылық шоу-жобасына қатысып, сертификат алды;
– 2015 жылы облыстық филармония басшылығынан алғыс хат және білім бөлімі жетекшісінен Ахмет Жұбановтың 110 жылдығына арналған жас музыканттар байқауында көрсеткен көмегі үшін грамота алды;
– 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен байқауда II дәрежелі дипломға ие болды;
– 2020 жылы педагогикалық конференцияда «Үздік баяндама» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды;
– 2020 жылы Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасынан алғыс хат алды;
– 2020 жылы музыкалық педагогика және орындаушылық өнер саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында сертификат алды;
– 2021 жылы Павлодар облысы білім басқармасынан және Павлодар облысының локальды соғыс ардагерлері мен қарулы қақтығыстарға қатысушылар одағынан алғыс хаттар алды;
– 2021 жылы Павлодар қаласы 6679 әскери бөлімінен грамота, ал облыстық филармониядан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Құрмет грамотасын алды.
Наталья Процкая көптеген конкурстар мен фестивальдерде оқушыларының қатысуын ұйымдастырып, олардың жетістіктері үшін көптеген алғыс хаттар мен грамота алған. Наталья Викторовна қалалық және облыстық мәдени іс-шараларда белсенді қатысады. Ол – өте кәсіби, талапшыл, жауапкершілігі мол, еңбекқор маман.