
МҰХЫШЕВА ЖАНСӘУЛЕ ВАСИЛЬЕВНА
Кассир
Мұхышевa Жансәуле Васильевна Ресей Федерациясының Алтай өлкесі, Қаракөл ауылында дүниеге келген. 1983–1986 жылдары Ермаков мәдени-ағарту училищесінің хореография бөлімінде білім алған. Еңбек жолын 1985 жылы Лебяжі ауданындағы Жамбыл ауылдық клубында көркемдік жетекші қызметінен бастап, бұл салада 10 жыл еңбек еткен. 2010–2012 жылдары балабақшада хореограф болып жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында кассир қызметін атқарып келеді. Төрт баланың анасы.