
МАРКОВЧИНА ГАЛИНА АРКАДЬЕВНА
Симфониялық оркестр артисі
Марковчина Галина Аркадьевна 1962 жылғы 6 шілдеде Қарағандыоблысы Теміртау қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Әкесі –Сморкалов Аркадий Алексеевич (1936-2009), КИПА учаскесінің бастығыболып еңбек еткен. Анасы – Сморкалова Валентина Владимировна (1932 ж.т.), инженер-лаборант.
1969-1979 жылдары Теміртау қаласындағы №14 орта мектепте білімалды. 1972-1979 жылдары осы кезеңде қатарынан №1 балалар музыка мектебінде виолончель сыныбы бойынша оқыды.
1980 жылы Теміртау қаласындағы музыка училищесіне оқуға түсіп, 1981 жылы Павлодар музыкалық училищесінің II курсына ауыстырылды. 1984 жылы оқуын «үздік» дипломмен аяқтады.
1984-1991 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттікконсерваториясында білім алды. Оқу орнын тәмамдағаннан кейін келесібіліктіліктер берілді: концерттік орындаушы, оқытушы, оркестр солисі, камералық ансамбль артисі.
1983 жылдан бастап №3 балалар музыка мектебінде виолончель сыныбының оқытушысы болып қызмет атқарады, қазіргі уақытқа дейін еңбекетуде. Педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл. Ысқылы-ішекті аспаптарбөлімінің меңгерушісі, жас музыканттардың қалалық және облыстықбайқауларының қазылар алқасының мүшесі. Камералық ансамбль сыныбынжүргізеді, «Камертон» камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі. Оныңшәкірттері қалалық, облыстық және республикалық жас музыканттарбайқауларында жүлделі орындарға ие болып келеді.
1989-1996 жылдары Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстықфилармониясында В.Н. Кехтер жетекшілігіндегі камералық оркестрдің артисіболып жұмыс істеді.
1994-2000 жылдары Павлодар музыкалық колледжінде виолончель сыныбының оқытушысы, камералық ансамбль және концертмейстерліксыныптың иллюстраторы қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Б.С. Рахимжановтың басқаруындағы студенттік симфониялық оркестр құрамындаөнер көрсетті.
2004-2011 жылдары С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттікуниверситетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасында аға оқытушы болыпеңбек етті. «Мамандық» (виолончель), «Камералық ансамбль», «Квартет сыныбы», «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі», «Арнайы педагогикалықдаярлық» пәндерінен дәріс жүргізді.
2003 жылдан бүгінгі күнге дейін симфониялық оркестрдің әртісі болыпқызмет атқарады, виолончельдер тобының концертмейстері әрі оркестр кітапханашысы міндеттерін қоса атқарады.
Онымен бірге оркестр құрамында музыкалық колледж бен С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды тәмамдаған шәкірттері Кисленко Л. (Зазуляк), Османова Б. және Самойленко К. (Грохотова) еңбек етеді.
Еңбек жолында бірнеше мәрте қалалық, облыстық және республикалықдеңгейдегі грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтарменмарапатталған.