"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


МАДИЯР БАХТИЯРОВ

МАДИЯР БАХТИЯРОВ

Эстрадалық әнші

Бахтияров Мадияр Серікұлы 1988 жылғы 17 желтоқсанда Павлодар облысы Лебяжі ауданының (қазіргі – Аққулы ауданы) Лебяжье ауылында дүниеге келген. Музыкаға ерте жастан қызығушылық танытқан. Оның өнер жолына бет бұруына ата-анасы үлкен ықпал етті: әкесі Лебяжі ауылдық клубы жанындағы «Санжар» вокалды-аспаптық тобының солисі болып қызмет атқарса, анасы Баянауыл ауылының «Фантазия» вокалды-аспаптық ансамблінің құрамында өнер көрсеткен.

1995 жылы Аққулы жалпы білім беретін мектебінде оқыды. 2001 жылы Павлодар қаласындағы №25 мектепте оқуын жалғастырды.

2004-2008 жылдары Павлодар қаласындағы Қазақстан-Германия бизнес-колледжінде білім алды. Қазіргі уақытта Toraighyrov University – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасында білім алуда.

2017 жылғы 10 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында солист қызметін атқарып келеді.

 

Шығармашылық жетістіктері:

– 2005 жылы Павлодар қаласында өткен «Хрустальный звон» облыстық эстрадалық әншілер байқауының Гран-при иегері;

– 2017 жылы Астана қаласында өткен «Жас қанат» республикалық эстрадалық әншілер байқауының Гран-при иегері;

– 2017 жылы Павлодар облысы әкімінің грантына ие болды;

– 2018 жылы Ресей Федерациясының Барнаул қаласында өткен «Сибирь зажигает звезды» халықаралық байқауының лауреаты;

– 2019 жылы «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалының Алғыс хатымен марапатталды;

– 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хатына ие болды.

Мадияр Бахтияров көптеген грамоталарға, дипломдар мен біліктілікті арттыру туралы сертификаттарға ие. Ол мемлекеттік және облыстық маңызы бар концерттерге, филармонияның шығармашылық жобаларына, гастрольдік сапарларға және қайырымдылық іс-шараларға белсенді қатысады. Терең әрі жан-жақты білімімен, жоғары кәсіби даярлығымен және еңбек тәртібімен ерекшеленеді. Шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби шеберлігін арттыру бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп келеді.