"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


«ҚҰЛАҒЫҢНАН КЕТПЕСІН»

2026 жылғы 18 наурыз                                                               Павлодар қ.

«ҚҰЛАҒЫҢНАН КЕТПЕСІН»

Күй құдіреті мен дәстүр рухына арналған кеш

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы сіздерді жас әрі талантты музыкант Жәнібек Жәмиевтің, сондай-ақ Рүстембек Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашылары мен дәстүрлі ән салу солистерінің қатысуымен өтетін тамаша концертке шақырады. Барлық ниет білдірушілер үшін кіру тегін!

Күні: 18 наурыз (сәрсенбі)

Басталуы: 15:00

Өтетін орны: И. Байзақов атындағы филармонияның концерт залы

Бұл кеш күй халықтың тірі шежіресі ретінде ашылып, ал әуен жүректің шынайы сырласуына айналатын қазақ дәстүрлі мәдениеті әлеміне терең музыкалық саяхат болмақ.

«Жәнібек Жәмиев – домбыра өнерінің шебері, сахналық мәдениеті айқын қалыптасқан, өзіндік шығармашылық қолтаңбасы бар орындаушы. Оның интерпретациясында әр күй бейнелілік пен ішкі драматургияға ие болып, әсерлі әрі шынайы естіледі. Артист ұлттық аутенттілікті заманауи сахналық ойлаумен нәзік ұштастырып, өз өнеріне айрықша мәнерлілік береді. Жәнібек – Дина Нұрпейісова атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрінің артисі (Атырау қ.). 2024 жылы Павлодар қаласында өткен, Рүстембек Омаровтың 105 жылдығына арналған «Жастық шақ» республикалық байқауында Гран-при иегері атанды», – деп атап өтті филармонияда.

Концертке Рүстембек Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашылары мен дәстүрлі ән салу солистері қатысады.

Осы талантты музыканттың қатысуымен өтетін кеш бағдарламасы дәуірлер арқылы саяхат ретінде құрылған. Бірінші бөлімде халық және аңыз күйлері орындалады. «Ақсақ құлан» секілді туындылар көне тарих беттеріне үңілуге мүмкіндік береді. Артист өткен ғасырлардағы күйші бейнесінде сахнаға шығып, сахналық безендіру уақыт рухын айшықтай түседі.

Екінші бөлімде көрермендер лирикалық шертпе күйлерді – Төлеген Момбековтің «Салтанат» және Нұрғиса Тілендиевтің әйгілі «Аққу» шығармаларын тыңдайды. Домбыра жетіген, гитара және фортепианомен ансамбльде үндесіп, заманауи дыбыстық палитраны ашады. Оркестр сүйемелдеуі бағдарламаға кең ауқым, симфониялық тереңдік және ұлттық тембрлер байлығын береді.

Қорытынды бөлімде оркестр мен солистер бір арнада тоғысып, кештің шарықтау шегі ретінде дәстүрлі күй тартыс – домбырашылардың жанды шығармашылық сайысы ұсынылады.

«Құлағыңнан кетпесін» концерті – бұл өнерге тағзым, дәстүрге құрмет және көрерменмен шынайы сұхбат. Осы күні шырқалатын музыка тыңдарман жүрегінде ұзақ сақталары сөзсіз. Кіру тегін.

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы. Назарбаев даңғылы, 1.

Анықтама телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97