
ҚОЖАНОВ АМАНГЕЛДІ ҚАСЕНҰЛЫ
Филармония басшысы
Қожанов Амангельді Қасенұлы – кәсіби музыкант, мәдениеттану магистрі. 1977 жылғы 23 ақпанда Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. 1994 жылы П.И.Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледжіне «Домбырамен дәстүрлі халық әні» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2000 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясын, 2014 жылы Павлодар педагогикалық институтының «Музыкалық білім беру» факультетін тәмамдады. 2017 жылы Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінде мәдениеттану мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғады. 2016 жылы «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Педагогикалық қызметпен айналысады, Павлодар музыкалық колледжінде арнайы пәндерден сабақ береді. Үш баланың әкесі.