КОПЕЕВ ДАСТАН АСҚАРБЕКҰЛЫ
Дыбыс операторы
Копеев Дастан Асқарбекұлы 1989 жылғы 8 шілдеде Павлодар облысы Аққулы ауданы Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылында дүниеге келген. 2006-2010 жылдар аралығында дарынды балаларға арналған Павлодар облыстық музыкалық мектеп-интернат-колледжінің «Музыкалық білім» бөлімінде білім алды. 2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады. 2014 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында қызмет атқарады.