"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ

2026 жылғы 03 сәуір                                                                         Павлодар қ.

 

КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ

«Giovani Talenti» жасөспірімдер камералық оркестрінің 20 жылдығы және Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай

 

Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары!

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы сіздерді жастық жігерді, академиялық дәстүрді және қазақстандық музыканың заманауи үнін тоғыстырған жарқын концертке шақырады.

 

Күні: 03 сәуір (жұма)

Басталуы – сағат 19:00-де

Өтетін орны: Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерт залы (Павлодар қ., Н. Назарбаев даңғылы, 1)

 

Филармония мен Ахмет Жұбанов атындағы мамандандырылған музыка мектебінің бірлескен жобасы «Giovani Talenti» жасөспірімдер камералық оркестрінің 20 жылдығына және қазақтың көрнекті композиторы, ғалымы, ағартушысы Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған. Ол Қазақстандағы кәсіби музыкалық өнердің қалыптасуында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі.

Бұл кеште сахнада өздерін сенімді түрде танытып жүрген жаңа буын өкілдері – талантты жас орындаушылар өнер көрсетеді. Кештің ерекше жылылығын арттыратын жайт – олардың қатарында туған жерінде өнер көрсетуді айрықша мән деп білетін жерлестеріміздің болуы.

Дирижёрлік тізгінді халықаралық байқаулардың лауреаты, заманауи дирижёрлік мектептің жарқын өкілі, «Giovani Talenti» оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижёры Аршат Шарип ұстайды. Солист – терең музыкалық ойлауымен және әсерлі орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетін пианист Аскар Кульшарипов, ол павлодарлық көрерменге бұрынғы концерттері арқылы жақсы таныс. Екеуі де кезінде Павлодар музыкалық колледжінде білім алып, кейін ұлттық консерваторияны сәтті тәмамдап, көптеген беделді байқаулардың лауреаттары атанды.

Кеш бағдарламасында И.С. Бахтың ре минордағы фортепиано мен оркестрге арналған концерті (BWV 1052). Бұл шығарма терең драматизмге, ішкі қуатқа толы, солист пен оркестр арасындағы нәзік музыкалық диалогты айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстан композиторларының туындылары орындалады. Бұл уақыт тынысы сезілетін, жаңа формалар ізденісі мен академиялық өнердегі ұлттық болмысты пайымдауға ұмтылыс көрініс тапқан музыка.

Кештің көркін Акмарал Эмреева жетекшілік ететін виолончельшілер ансамблі ашады. Олардың орындауындағы дыбыс тереңдігімен, тембрінің асқақтығымен және ерекше эмоциялық әсерімен ерекшеленеді. «Giovani Talenti» жасөспірімдер камералық оркестрі – тек ұжым ғана емес, болашақ музыканттарды тәрбиелейтін шығармашылық мектеп. Оның құрамында Жұбанов мектебінің дарынды оқушылары өнер көрсетіп, концерттік өмірге белсенді қатысып, ұлттық репертуарды дамытуға үлес қосып келеді.

Бұл кеш тек мерейтой ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, дәстүрге құрметтің және заманауи музыкалық мәдениетті дамытуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

МАҢЫЗДЫ! Концерт залының есіктері іс-шара басталғаннан кейін 10 минуттан соң жабылады. Ішке сусындар мен тағам өнімдерін алып кіруге қатаң тыйым салынады!

Билеттер филармония кассасында және Ticketon.kz онлайн-сервисінде қолжетімді.

 

Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97

Эл. пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz