
ҚАТАЙ МАЛИКЕ ЖАНБОТАҚЫЗЫ
Эстрада бөлімінің жетекшісі
Қатай Малике Жанболатқызы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шонай ауылында дүниеге келген. 2014-2018 жылдары Павлодар қаласындағы «Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені» ММ скрипка сыныбы бойынша білім алды.
2016-2017 жылдары Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрінде әртіс болып жұмыс істеді.
2018-2023 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық театр режиссурасы» мамандығы бойынша білімін жалғастырды.
2024 жылдан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының эстрада бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып келеді.