"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


Камералық хор

Камералық хор

 

       Камералық хор 2002 жылы облыстық мәдениет департаментінің бастамасымен құрылған. Басшысы болып Мәдина Жармұхамбетова тағайындалды. Ұлттық ән айту, дәстүрін сақтау – Павлодар филармониясының камералық хорының жоғары миссиясы. Бүгінгі таңда хорда 35-тен астам музыкант бар. Хор классикасының үздік үлгілерін орындау репертуарда міндетті болып қалады, бірақ сонымен бірге өздерінің концерттік бағдарламасына хореография, шоу элементтерін қосып, танымал әлемдік хиттерді де орындай бастады. Жас дауыстардың үндестігі мен үйлесімдігі, тембрінің әсемдігі, камералық хордың кәсібилігі халықаралық конкурстар мен фестивальдарда бірнеше рет атап өтілген.

      

Нұрғожинова Мәдина Қанатқызы - 2020 жылдан бастап камералық хордың көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты. Павлодар музыкалық колледжінің түлегі. Қазақ ұлттық музыка академиясын бітірген. Ол жұмысын хор әртісі, содан кейін хормейстер ретінде бастады. «Қазақстан хор дирижерлері» ЖШҚ Павлодар филиалының басшысы.

       2022 жылы өңірдің мәдениет саласына зор үлес қосқаны үшін Павлодар облысы әкімінің грантына ие болды. ҚР Мәдениет саласының үздігі.

Жармухамбетова Мадина Каирбековна - камералық хордың хормейстері. ҚР мәдениет саласының үздігі. 2022 жылы мәдениет саласының қызметкерлері күніне орай «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды. Камералық хордың бірінші басшысы болып табылады. Оның жетекшілігімен хор республикалық және халықаралық хор конкурстары мен фестивальдардың лауреаты атанды.