"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


Иса филармониясының 85 жылдығына – 85 үздік концерт!

2026 жылғы 24 мамыр                                                                    Павлодар қ.

Симфониялық музыка концерті

Иса филармониясының 85 жылдығына – 85 үздік концерт!

Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!

Иса Байзақов атындағы филармония сіздерді симфониялық оркестр концертіне шақырады. Бұл кеште уақыт сынынан өткен және әлем мойындаған музыка шырқалады. Кеш қонағы – белгілі музыкалық әулеттің өкілі, «Астана Опера» театрының дирижері, халықаралық байқаулардың лауреаты Ерболат Ахмедьяров. Маэстро жетекші оркестрлермен ынтымақтастық орнатып, классикалық репертуарды терең әрі сезімтал интерпретациясымен танымал.

Күні: 24 мамыр (жексенбі)

Басталуы: 17:00

Өтетін орны: Иса Байзақов атындағы филармонияның концерт залы (Назарбаев даңғылы, 1)

Павлодар облыстық филармониясының симфониялық оркестрі өңірдегі маңызды академиялық ұжымдардың бірі болып саналады. Оның концерттері әрдайым мазмұнды бағдарламасымен, жанды орындауымен және классикалық музыканы тыңдарманға жақын ететін ерекше атмосферасымен ерекшеленеді.

24 мамыр жексенбі күні ұсынылатын жаңа бағдарлама әр дәуір мен түрлі стильдегі шығармаларды біріктіреді. Кеш барысында Александр Бородиннің №2 симфониясы және Евгений Брусиловскийдің «Дударай» шығармасы орындалады. Сондай-ақ еуропалық композиторлардың операларынан алынған интермеццолар ерекше орын алады – бұл сөзсіз-ақ терең сезімді жеткізетін нәзік әрі әсерлі музыкалық туындылар.

Пьетро Масканьидің «Сельская честь» операсындағы лирикалық интермеццо мен Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы» операсындағы драмалық интермеццо адам жанының терең сезімдерін ашса, Херардо Хименестің «Свадьба Луиса Алонсо» сарсуэласынан алынған жарқын интермеццо бағдарламаға испандық нақыш пен жеңілдік сыйлайды.

Концерт филармония залының камералық атмосферасында өтеді, мұнда әрбір дыбыс айқын сезіледі. Бұл жанды орындауды, шынайы эмоцияны және классикалық музыканың қуатын бағалайтын көрерменге арналған кеш. Осы мамыр кешінде жоғары өнер әлеміне жақындап, ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік жіберіп алмаңыздар.

МАҢЫЗДЫ! Концерт басталғаннан кейін 10 минуттан соң зал есіктері жабылады. Тамақ пен сусынмен кіруге тыйым салынады.

Билеттер: филармония кассасында және Ticketon.kz сайтында

Байланыс: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97

E-mail: isa.baizakov2012@yandex.kz