
«Махаббат болмаса…»
«SAMIYAN» тобының концерті
Құрметті павлодарлықтар және қала қонақтары!
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы сіздерді ерекше музыкалық кешке – «SAMIYAN» вокалдық тобының шығармашылық қызметінің 10 жылдығына арналған мерейтойлық концертіне шақырады.
Күні: 10 сәуір (жұма)
Басталуы: 19:00
Өтетін орны: И.Байзақов атындағы филармонияның концерт залы
Ерлер квинтеті шығармашылық тәжірибеден бастау алып, бүгінгі таңда өңір мен ел көлемінде кеңінен танылған әрі көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген ұжымға айналды. Бүгінде «SAMIYAN» жай ғана ансамбль емес, Қазақстанда да, шетелде де жоғары бағаланатын мәдени бренд.
«Ұжымның тарихы көркемдік жетекші Мадина Нұрғожинованың бастамасымен, камералық хор солистерінің орындауында a cappella бағытындағы ізденістен басталды. Бұл шығармашылық тәжірибе сәтті болып, уақыт өте келе Ертіс өңіріндегі алғашқы ерлер вокалдық квинтетіне айналды. Кейін ұжым байқаулар сахнасында өзін сенімді танытып, беделді фестивальдердің лауреаты атанды, гастрольдік аясын кеңейтіп, заманауи композиторлармен және авторлармен шығармашылық байланыс орнатты. Кейінірек Мадина Қанатқызының жетекшілігімен «TABRIZ» әйелдер квинтеті құрылып, ол да өңір мен елдің музыкалық мәдениетінде өз орнын тапты», – деп атап өтті филармонияда.
Мерейтойлық бағдарламада көрерменге бұрыннан сүйікті туындылармен қатар жаңа композициялар да ұсынылады. Оларды біріктіретін мәңгілік тақырып – махаббат.
Сахнада: Қанат Әбдіғомар, Бағлан Тойбеков, Диаз Шахметов, Мақсат Нышанбаев және Аллажар Саттаров өнер көрсетеді.
«Әрқайсысы – дара тұлға, ал бірге олар шынайылық пен терең эмоцияға толы ерекше атмосфера қалыптастырады. Артистердің орындауында ұлттық музыка әсерлі әрі жылы естіледі, әлемдік хиттер жаңаша бояу алады, ал өткен жылдардың әндері көрерменді нәзік сағынышқа бөлейді. Ұжым репертуары әртүрлі дәуірлерді, стильдер мен музыкалық дәстүрлерді қамтиды, қазақ лирикасынан бастап әлемдік классика мен эстрадаға дейін», – деп атап өтті филармонияда.
«SAMIYAN» орындауындағы әр шығарма өзіндік ерекше үнге ие. Дәл осы алуандық концерттің айрықша сиқырын тудырып, әр көрерменге өз естелігін, өз әсерін, өз сезімін табуға мүмкіндік береді.
Бұл кеш көрерменге сан түрлі сезім мен көңіл күй сыйлайды. Эстрадалық классика сүйер қауым үшін Владимир Пресняковтың «Замок из дождя» әні және «Ласковый май» тобының попурриі ұсынылады. Бұл туындылар 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басындағы жастық шақтың, алғашқы сезімдердің, романтикалық кезеңнің атмосферасын қайта оралтады.
Бағдарламада «Если это не любовь», «Нелюбимая», «Ойладың ба», «Дариға жүрек» сияқты әндер терең мазмұнмен және ұлттық бояумен орындалады. Шетелдік бөлімде «Historia de un amor», «Cuidar nuestro amor», неаполитандық классика «Dicitencello vuie» және «Amore scusami» туындылары шырқалып, кешке ерекше әсер, сезім мен әуезділік сыйлайды.
Бағдарламада ұрпақтар жадында сақталған әндер де бар. Юрий Антоновтың «Нет тебя прекрасней», «Там, где клён шумит» және «Город влюблённых людей» әндері көрерменге шынайылық пен жылы әсер сыйлайды.
Бұл кешті жай ғана отырып көру мүмкін емес. Мұндай музыка бейжай қалдырмайды. Ол біріктіреді, бірге айтуға жетелейді, естеліктерді оятады, жүрекке әсер етеді… Мүмкін, дәл осы кеште біреу үшін ең қымбат сезім – махаббат қайта жаңғырар.
МАҢЫЗДЫ! Концерт басталғаннан кейін 10 минуттан соң зал есіктері жабылады. Тамақ пен сусын алып кіруге қатаң тыйым салынады!
Билеттер филармония кассасында және Ticketon.kz онлайн сервистерінде қолжетімді
Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97
Эл. пошта: isa.baizakov2012@yandex.kz