"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


Джаз оркестрі

Джаз оркестрі

 

      Джаз оркестрі 1985 жылы құрылды. Өзіндік тарихы бар бұл оркестр музыкалық колледждің студенттерінен құралып, бүгінде кәсіби музыканттардың қатарымен толықтандырылған. 2012 жылы джаз оркестрі Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарының құрамына енді. Оның негізін қалаушы және тұрақты көркемдік жетекшісі әрі дирижері - ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Виктор Тимофеевич Шейкин. Ұжым IAJE 23-ші Халықаралық конференциясына (Атланта қ., АҚШ, 1996ж.) қатысу үшін конкурстық негізде таңдалған ТМД елдерінен шыққан алғашқы студенттік ұжым болды.

   

2011 жылы Ақтау қаласында өткен «JAZZ WAVE AKTAU KZ-2011» Халықаралық фестивалінің Гран – при иегері атанды;

            Кемеров қаласында өткен «Алтын саксофон» джаз музыкасының халықаралық фестивалінің лауреаты;

2015 ж. Қостанай қ. «JAZZ Бомонд» халықаралық фестиваліне  қатысты;

           2017 жылдың мамыр айында «Палитра джаза» ірі халықаралық джаз музыкасы фестивалінің қатысушысы болды.

           Оркестр Қазақстанның музыкалық мәдениетіне елеулі үлес қосып, бірлескен шығармашылықта фольклорлық этнографиялық ұжымдардан бастап академиялық музыка орындаушыларына дейін түрлі стильдер мен бағыттарды кең ауқымда насихаттауда.

  

            Виктор Шейкин - джаз оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері, ҚР мәдениет қайраткері.

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Астанаға 10 жыл» медалімен, «Павлодар облысына 75 жыл» медалімен марапатталған;

     «Джаз біліміне қосқан көрнекті үлесі үшін» IAJE (АҚШ) ресми халықаралық марапатының иегері;

     «Музыкалық өнер» номинациясы бойынша Павлодар облысы әкімі грантының иегері;

2021 жылы мәдениет қызметкерлері күніне орай ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

2025 жылы – «Құрмет» орденінің иегері.