ДОҚУОВА МАРЖАН ҚАЙРУЛЛАҚЫЗЫ
Костюмерлік цех меңгерушісі
Доқуова Маржан Қайруллақызы Павлодар облысы Жаңаауыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1996 жылы Шақат орта мектебін тәмамдаған. 1997 жылы Ақсу қаласындағы жоғары кәсіби училищеде бухгалтер мамандығы бойынша диплом алған. 2015 жылы Жаяу Мұса атындағы Ақсу өнер колледжін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2024 жылы Омбы қаласындағы Сібір бизнес және ақпараттық технологиялар институтын «Басқару менеджменті» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2005 жылы Ж.Аймауытов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында бақылаушы қызметінен бастаған. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында костюмерлік цехтың меңгерушісі қызметін атқарып келеді.