
ДАИРБАЕВА АЙГҮЛЬ РАМАЗАНҚЫЗЫ
ҚР мәдениет саласының үздігі, «Нұр» би ансамблінің көркемдік жетекшісі
Даирбаева Айгуль Рамазанқызы Павлодар қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Новосибирск мәдениет училищесін тәмамдаған. Сол жылы Павлодар металлургтер мәдениет сарайында хореограф ретінде еңбек жолын бастаған.
1998 жылы қалалық мәдениет сарайының «Меруерт» үлгілі би ансамблінің балетмейстері қызметін атқарды. 2001 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанынан «Ақ Ерке» хореографиялық ұжымын құрды.
2006 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша аяқтады.
Айгуль Рамазанқызының жетекшілігіндегі «Нұр» би ансамблі Павлодар облысының мәдени брендіне айналды. Ұжымның репертуары жанрлық әрі стильдік тұрғыдан бай, мазмұны терең, көркем қойылымдармен ерекшеленеді. Орындау мәнерінің серпінділігі, энергиясы мен экспрессиясы, образдар мен қимылдардың айқындығы ансамбльге тән басты белгілер болып табылады. Негізгі бағыты – халық биі, сонымен қатар ұжым түрлі жанрларда шығармашылық ізденіс жүргізіп келеді.
Ансамбль өз тарихында Қазақстанның түрлі өңірлерінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде өнер көрсеткен.
2019 жылы Айгуль Даирбаеваға «Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі» құрметті атағы берілді.
Шығармашылық жетістіктері:
– 2003 жылы Павлодар қаласында өткен «Ертіс жұлдыздары» II Халықаралық студенттік жастар фестивалінде «Халық биі» номинациясы бойынша Гран-при;
– 2004 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Үздік шығармашылық жұмыс» номинациясы бойынша дипломы;
– 2006 жылы «Ақ Ерке» хореографиялық ұжымына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Халықтық» атағын берді;
– 2007 жылы «Жас толқын» Халықаралық жастар фестивалінде I орын;
– 2007 жылы «Ертіс жұлдыздары» V Халықаралық фестивалінің Гран-приі;
– 2008 жылы «Ертіс толқыны» облыстық қазақ биі байқауында II дәрежелі диплом;
– 2010 жылдан бастап Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының кәсіби «Нұр» би ансамблінің көркемдік жетекшісі;
– 2011 жылы ТМД-ның 20 жылдығына арналған халықаралық көрмеге қатысу (Мәскеу қ.);
– 2011 жылы «Баян жұлдыздары» ретро-фестиваліне қатысу;
– 2012 жылы Астана қаласында өткен Наурыз мерекелік концертіне қатысу;
– 2013 жылы Новосибир қаласында өткен шекаралас өңірлер басшыларының кездесуіне арналған концертке қатысу;
– 2013 жылы «Дос-Мұқасан» ансамблінің 45 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысу;
– 2013 жылы «Иртыш – достық өзені» аймақтық фестивалі;
– 2013 жылы Францияның Реймс қаласында өткен «Әлем мәдениеттері» халықаралық фольклорлық фестивалі;
– 2014 жылы Мәскеу қаласындағы ВДНХ алаңында өткен «Халықтар достығы» фестивалі;
– 2014 жылы Омбы және Новосибир қалаларындағы гастрольдік концерттер;
– 2014 жылы Астана қаласындағы Триумф аркасының ашылу салтанаты;
– 2014 жылы Астанада өткен Павлодар облысы мәдениет күндерінің ашылуы;
– 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медаль;
– 2016 жылы Абу-Даби қаласында өткен «Мәдени мұра» халықаралық фестивалі;
– 2016 жылы Омбы қаласының 300 жылдығына арналған концерттерге қатысу;
– 2016 жылы «Шабыт» XIX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің қатысушысы;
– 2016 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы;
– 2017 жылы Омбы қаласында өткен Павлодар облысының мәдениет күндері;
– 2017 жылы Астана қаласындағы «ЭКСПО» халықаралық көрмесі;
– 2018 жылы «Сібір жұлдыздарды жағуда» халықаралық байқау-фестивалінде Гран-при және I дәрежелі лауреат;
– 2018 жылы Шара Жиенқұловаға арналған «Шабыт» XXI фестивалінің «Personal Diploma» иегері;
– 2019 жылы Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ биі байқауына қатысу;
– 2020 жылы Орал қаласында өткен «Жайықтың би әлемі» фестивалінде II орын;
– 2022 жылы Қызылорда қаласындағы «Ақ кербез» республикалық байқау-фестивалінің жеңімпазы;
– 2022 жылы «Жеті қазына» республикалық тележобасына қатысу;
– 2022 жылы Павлодар облысы әкімінің мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін гранты;
– 2025 жылы Оңтүстік Кореяда өткен «Yeongdong World Traditional Music & Arts Expo 2025» дүниежүзілік көрмесіне қатысу.
«Нұр» би ансамблі Айгуль Даирбаеваның жетекшілігімен кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып келеді. Ұжым сахналық қойылымдармен жұмыс істеу үшін Қазақстанның әр өңірінен белгілі балетмейстерлерді, режиссерлер мен хореографтарды шақырып, мазмұны терең, көркемдігі жоғары хореографиялық композициялар жасайды. Ансамбльдің сахналық костюмдері ұлттық тарих пен дәстүрге негізделген, әр қойылымның идеясына сай әзірленген, ал музыкалық аранжировкалары көрерменге ерекше әсер сыйлайды.
Айгуль Даирбаева – шығармашылық ойлауы жоғары, жаңашыл идеялар мен заманауи көркемдік шешімдерді өз жұмысында табысты жүзеге асырып жүрген кәсіби жетекші. Ол үнемі өзін-өзі жетілдіріп, әлемнің жетекші хореографтарының шеберлік сабақтарына тұрақты түрде қатысады. Атап айтқанда, Франциядан Фредерик Лескюр мен Фабианна Робельдің, Біріккен Араб Әмірліктерінен Ахмет Фекридің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Е. Асылғазиновтың, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Айгуль Таттидің, Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Зауре Ажибекованың, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Тойган Изимнің шеберлік сабақтарына қатысқан.
Ансамбль репертуарында Қазақстанның танымал хореографтары мен балетмейстерлерінің таңдаулы қойылымдары бар.