
БАУЫРЖАН АХМЕТОВ
Эстрадалық әнші
Ахметов Бауыржан Ерашұлы 1982 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Аймаутов ауылында дүниеге келген. 1989-1997 жылдар аралығында Аймаутов атындағы орта мектепте оқыды.
2006-2009 жылдары Павлодар қаласындағы П. И. Чайковский атындағы музыкалық колледжде «Музыкалық білім беру» мамандығы бойынша білім алды.
2009-2012 жылдары Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Музыкалық білім беру» мамандығын жалғастырды.
2015 жылдан бастап Павлодар облыстық Иса Байзақов атындағы филармонияда эстрадалық орындаушы болып жұмыс істейді. Осы кезеңде ол жоғары кәсібилігін және өңір мәдениетіне қосқан елеулі үлесін көрсетті.
2017 жылы Барнауыл қаласындағы Алтай мемлекеттік университетінің «Өнер» кафедрасынан магистр дәрежесін алды.
Шығармашылық жетістіктері:
– 2016 жылы Павлодар облыстық филармониясының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін филармония басшылығынан алғыс хат алды.
– 2017 жылы «Мен қазақпын» тележобасында термеші және күйші өнері бойынша көрсеткен жетістіктері үшін республикалық деңгейде алғыс хатпен марапатталды.
– 2018 жылы Павлодар облыстық көркемсурет музейінің ұйымдастыруымен өткен «Бабалар үні домбыра» шарасына қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
– 2018 жылы «Күй тартыс-2018» облыстық конкурсына қатысқаны үшін облыстық білім басқармасынан сертификат алды.
– 2019 жылы 6679 әскери бөлімінің жеке құрамынан алғыс хат және Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасынан Құрмет грамотасы алды.
– 2021 жылы Павлодар облысы мәдениет және білім қызметкерлерінің кәсіподағынан Құрмет грамотасына ие болды.
Бауыржан Ерашұлы қалалық және облыстық мәдени іс-шараларға қатысып келеді. Мәдениет саласындағы еңбек өтілі 17 жыл.