ӘУБӘКІРОВА ГҮЛНАР ҚАСЫМҚЫЗЫ
Экономист
Әубәкірова Гүлнар Қасымқызы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Южный ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Павлодар есеп-экономикалық техникумын «Бухгалтер» мамандығы бойынша тәмамдады. 2008 жылы «Қайнар» университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын техникумды бітіргеннен кейін «Облколхозстрой» тресінің «ПМК-310» ұйымында бухгалтер болып бастап, 1983-1985 жылдары еңбек етті. 1985-1987 жылдары «Облколхозстрой» тресінің «ПМК-33» ұйымында бухгалтер қызметін атқарды. 1987-2001 жылдары Алматы үй құрылысы комбинатында «СМУ-5» бөлімшесінің және ПСО «АДК» балабақшаларының орталықтандырылған бухгалтериясында бухгалтер болып жұмыс істеді. 2001-2004 жылдары Павлодар қалалық әскери комиссариатында, 2004-2012 жылдары облыстық әскери комиссариатта және Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде қызмет атқарды.