
АСЫЛБЕК ӘБДІКӘРІМОВ
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері
Асылбек (Асан) Әбдікәрімов 1955 жылы 26 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қарғыба өзені бойындағы «Социалистік» атты ауылда дүниеге келді. 1962 жылы мектепке қабылданып, 1972 жылы 10-шы сыныпты бітірді. Жас кезінен музыкаға әуес болды. 4-сыныпта «Гармонь» аспабын меңгеріп үйренді. 5-сыныптан бастап баян аспабында ойнады. Мектептегі ән айтатын оқушыларды сүйемелдеп, халық әндерін орындады. Хор және ансамбль үйірмелеріне қатысты.
Бірнеше жыл аудандық байқауларға қатысып, «Мақтау грамоталарымен» марапатталды. Мектеп бітіру салысымен 1972 жылы аудандық мәдениет үйіне жұмысқа қабылданып, мәдениет үйіндегі «халық театры», «халық оркестрі» фольклорлық ансамбльдерінің белді мүшесі болды. 1978 жылдан 1990 жылдар аралығында – «Көктем» вокалды-аспаптар ансамблінің жетекшісі.
1976-1981 жылдары Семей қаласы Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесінде оқыды. Кейіннен аудандық балалар музыка мектебінің оқытушысы, көркемөнерпаздар үйірмелерінің жетекшісі қызметтерін атқарды. 1979 жылдан бастап ән шығару өнерімен айналысады. Алғашқы әні – «Жан досым» Семей қаласының емханасында шығарылған еді. 1984 жылы бұл ән облыстық қорытынды концертте орындалып, тиісті бағасын алды.
1984 жылы отбасылы болып, 1986 жылы дүниеге қызы келді. Қуанышы қойна сыймай, қызы екі айға толғанда «Бесік жыры» әнін шығарды. Сөзін жазған – Қазақстанға белгілі ақын Қуаныш Шаңғытбаев. Бұл ән Асан-ағанын әрбір мерей жасында шығармашылық кештерде орындалып келеді.
1987 жылы аудандық ішкі-істер милиция бөлімінен құралған фольклорлық ансамбль ұжымы Москвада өткен Совет милициясына 70 жыл толу мерекесіне арналған Бүкіл Одақтық фестивалінде дайындалып барып лауреат атанды. Осы концертте «Бесік жыры» әні орындалды.
1990 жылы Павлодар облысының Лебяжі аудан орталығына көшіп келді. Балалар музыка мектебінің директорлық қызметін атқарды. Кейіннен аталмыш мектеп «Балалар өнері» орталығы болып ауысуына байланысты мен баян аспабы оқытушысы болды.
1999 жылдың қазан айында Павлодар қаласына көшіп келді. №24, 35 мектепте ән-күй пәнінің оқытушысы, Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназия мектебінде оқытушысы, және облыстық «Шаңырақ» шығармашылық орталығында өнердегі жолын жалғастырды.
2002 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттер оркестрінде жұмыс істеп.
2007-2012 жылдары Павлодар қалалық Естай атындағы «Мәдени сарайының» қазақ аспаптар оркестрінде жұмыс істеді. Сол жылдардан бастап оркестрге арналған ән партитураларын жаза бастады.
2012 жылдан бастап қәзіргі уақытқа дейін Иса Байзаков атындағы филармонияның Рүстембек Омаров атындағы халық аспаптар оркестрінің артисі болып қызмет етеді.
2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің 80 жылдық мерейтойына арналған 1-ші І еспубликалык халык, ғылыми-практикалық конференциясына катысып, конференцияда Павлодар филармония оркестріне Қазақ халық әртісі, дәулескер күйші-Рүстембек Омаровтың есімін беруге ұсыныс жасады.
2015 жылы Қазақстан Ассамблясы «Достық үйі» ұжымыда атқарған еселі еңбегім үшін «Қазақстан халқы Ассамблясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Шыгарган әндерінін көпшілігі Павлодар өңірі ақындарының сөздеріне жазылған. Атап айтқанда: Лебяжілік ақын-Нурлыбек Хайдаров, Атымтай Құрманалиев, Лебяжілік тумасы Павлодар қаласының тұрғыны – Мэлс Әміржанов. Павлодарлық ақындар: Қажымұрат Смагулов, Айгүл Сейітова, Алмагүл Бұзаубаева, Секербек Жабықбаев, Сүлеймен Баязитов, Мүбәрәк Жаманбалинов т.б. Қазақстан ақындары: Қуандық Шаңғытбаев, Әбдрахман Асылбеков, Күләш Ахметова тағы басқалары. Жалпы 120 жуық әндері бар. Соның ішінде 20 дан астам әндері Павлодар қаласында орындалып жүр.
Қәзіргі кезде еңбек зейнеткерлерінен құралған Қуат Абусейітов атындағы мәдениет үйінің «Сағым жылдар», Атамекен кентінің Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінің «Асыл жандар» ансамбльдеріне жетекшілік етеді.