"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


«Шернияз» би ансамблі

     «Шернияз» би ансамблі

«Шернияз» би ансамблі 2009 жылы Достық үйінде құрылды. 2019 жылы ансамбль Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарының құрамына ауыстырылды.

Ансамбльдің репертуарында әлем халықтарының билері бар. «Шернияз» ансамблінің қатысуынсыз бірде-бір қалалық және облыстық іс-шаралар өтпейді. «Шернияз» би ансамблі Қазақстан, Ресей, Франция мен Португалия сияқты елдерде гастрольдік сапармен барып Қазақстанды таныстырды. Ансамбль әртістері күрделі хореографиялық қойылымдарды орындайды.

Беков Нұрлан Балғабайұлы – «Шернияз» би ансамблінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын тамамдаған. М.Тілеубаев, Д.Абиров, Е.Мусин, Э.Мальбеков сынды атақты профессорлардан дәріс алған. Облыс әкімінің «Хореография» номинациясы бойынша гранты мен «Үздік хореограф» дипломына иеленген.