«Нұр» би ансамблі

Ұжым 2011 жылы құрылған. 2012 жылдың тамыз айында «Нұр» би ансамблі Естай атындағы Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының құрамынан Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына ауысты. Көркемдік жетекшісі ҚР Мәдениет саласының үздігі Айгүл Дайырбаева. Ұжымның негізгі бағыты әлем халықтарының билері, бірақ қойылымдарда классика, хип-хоп, блюз, эстрадалық би, модерн, этнофолк элементтері де бар. Бишілер ансамблі филармония вокалистеріне нөмірлерін жандандыруға және хореографиялық қойылымдармен толықтыруға көмектеседі. Ұжым қалалық және облыстық деңгейдегі іс-шараларға үнемі қатысып жүреді. Сондай-ақ, еліміздің басқа өңірлерінде және Ресей Федерациясында би шеберлігін көрсетіп, Қазақстан Республикасының атынан Франциядағы халықаралық фестиваліне барды.
2015 жылы «Нұр» ансамблінің бишілері, Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен халық шығармашылығы фестивалінде өнер көрсетті;
2017 жылы ансамбль ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М.Түлебаевтың рухына арналған халықаралық фестивалінің лауреаты болып атанды;
2018 жылы РФ Омбы қаласында өткен «Сибирь зажигает звезды» атты халықаралық фестиваль-конкурсының Гран-при жүлдесіне ие болды.
2022 жылы ІІ Республикалық «Ақ КЕРБЕЗ» би конкурс-фестивалінің 2 орын иегерлері атанды.
Дайырбаева Айгүл Рамазанқызы - «Нұр» би ансамблінің көркемдік жетекшісі. Өз жұмысына инновациялық идеяларды сәтті енгізіп, жаңа концепциялар мен жаңа образдарды қолданатын, шығармашылық ойлау қабілеті бар көшбасшы. 2022 жылы өңірдің мәдениет саласына зор үлес қосқаны үшін Павлодар облысы әкімінің грантына ие болды. ҚР Мәдениет саласының үздігі.