«Лад» орыс ұлт аспаптар ансамблі

2012 жылдан бастап орыс ұлт аспаптар ансамблі Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарының қатарына енді. Орыс ұлт аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі - ҚР Мәдениет саласының үздігі Петрушкина Оксана Викторовна.
Ансамбль әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын музыканттарды біріктірген, олар: балалайка, домра, баян, гитара.
Павлодар облысының аудандар мен қаладағы өнер орталықтарында ансамбль жыл сайын өздерінің жеке гастрольдік концерттерін беріп тұрады.
Петрушкина Оксана Викторовна – «Лад» орыс ұлт аспаптар ансамблінің көркемдік жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі.