"Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны


ӘЛИЖАН ҚАЗБЕКОВ

ӘЛИЖАН ҚАЗБЕКОВ

Классикалық әнші

Қазбеков Әлижан Нұрланұлы 1999 жылы 18 тамыз Павлодар қаласында дүниеге келген. 2007-2015 жылдар аралығында «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта» білім алды. 2015 жылы «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» колледжіне «Академиялық вокал» мамандығы бойынша оқуға түсіп, үздік тәмамдады.

2019 жылы Астана қаласындағы «Қазақ ұлттық өнер университетіне» оқуға түсті. Оқу барысында «Академиялық вокал» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын аяқтады. 2022 жылдан бастап оқумен қатар Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хорында қызмет етті.

2023 жылдан бастап Павлодар қаласында «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» колледжінде академиялық вокал мұғалімі болып қызмет атқарады.

2024 жылдың ақпан айынан бастап Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның солисті болып жұмыс жасайды.

 

Шығармашылық жетістіктері:

– 2016 жылы С.Прокофьевті еске алуға арналған «ART DUO» фестивалі, академиялық вокал (Прага, Чехия) 1 орын;

– 2017 жылы Грузияда өткен «Гармония» халықаралық байқауында 1 орынға ие болды;

– 2017 жыл 39 Республикалық колледждер арасындағы академиялық вокал байқауында 1 орынға ие болды. Астана қ.;

– 2021 жылғы жоғарғы оқу орындары арасындағы Республикалық спартакиаданың жеңімпазы;

– 2022 жылы Ғазиза Жұбанова атындағы халықаралық байқауда 1 жүлделі орынға ие болды.

– 2024 жылы «Отанның әні» атты V республикалық байқауда «Академиялық вокал» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері. Павлодар қ.

– 2024 жылы шығармашылық жастар форумы аясында «Silk way creative games» XV ұлттық дельфий ойындарының республикалық байқауында 1 орын, алтын медаль иегері. Көкшетау  қ.

– 2024ж.Түркістан қаласында өткен «Казахская романсиада-2024» XXVI халықаралық байқауының І-ші орын иегері атанды.

– 2024 жылы «Шеберлік шыңы – 2024» мәдениет саласындағы жыл қорытындысында Павлодар облыс әкімінің грантымен марапатталды.

– 2025 жылдың 21–22 қазан күндері Қырғызстанның К. Молдобасанов атындағы Ұлттық консерваториясында (Бішкек қаласы) «Орталық Азия Романсиадасы» атты IX Халықаралық орыс романсының жас орындаушылар байқауының І орын иегері атанды.

         Әлижан Қазбеков қалалық және облыстық концерттік іс-шараларға белсенді қатысады. Ол жан-жақты білімдерге ие, жоғары білікті және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман. Үнемі кәсіби білімін, дағдылары мен қабілеттерін арттыруға жүйелі және нәтижелі түрде жұмыс жасайды. Өзіне талапшыл, әрі еңбексүйгіш.