Коммунальное государственное казенное предприятие "Павлодарская областная филармония имени Исы Байзакова"


Тағы бір магистр!

  • user
  • 25 февр. 2026 г.

Тағы бір магистр!

 

Иса Байзақов атындағы филармония артистері көрермендішеберлігімен тәнті ететін орындаушылар ғана емесОлар үздіксіз ізденістегікәсіби тұрғыда үнемі өсіп отыратынөнерге адал жандарСахнадағы жарқынсәттердің артында күнделікті еңбектәртіп және кемелдікке ұмтылыс жатыр.

Музыканттың жолы бала кезден басталадыалдымен музыка мектебікейін колледж, университет, академия немесе консерватория. Ал кейбірі бұлмежемен тоқтамайғылыми ізденіске ден қойыпмагистрлік диссертация қорғайдыОсындай биік мақсатты таңдағандардың бірі – филармонияныңталантты баяншысы Анэль Шевчук.

2026 жылдың ақпан айында ол магистрлік диссертациясын сәттіқорғапғылыми дәрежеге ие болды.

Анэль Семей қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Павлодар музыкалық колледжіне «Аспаптық орындаушылық және эстрадалықмузыкалық өнер» мамандығы бойынша (баян класыоқуға түстіОлҚазақстан ұлттық өнер университетінің профессоры, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Дамир Рафхатұлы Сұлтановтыңсыныбына қабылданыпкәсіби шеберлігін шыңдадыҰстаз бен шәкіртарасындағы шығармашылық байланыс жас музыканттың қалыптасуындаүлкен рөл атқарды.

Білімге деген құштарлық оны Астана қаласына жетеледі. 2023 жылыАнэль Қазақстан ұлттық өнер университетін «Орындаушылық өнерхалықаспаптары» мамандығы бойынша табысты аяқтады.

Бүгінде Анэль Андреевна филармония құрамындағы «Лад» орыс халықаспаптары ансамблінің артисіОның орындаушылық мәнері тереңдікпенсезімталдықпен және музыкалық ойдың айқындығымен ерекшеленедіСонымен қатарол Павлодар музыкалық колледжінде ұстаздық қызметатқарыпжас музыканттардың кәсіби қалыптасуына үлес қосып келеді.

Репетицияларконцерттергастрольдер мен педагогикалық жұмыстыңтығыз кестесіне қарамастанол ғылыми ізденіске уақыт таба білді. 2026 жылдың ақпан айында Барнаул қаласындағы Алтай мемлекеттік мәдениетинститутын магистратура бойынша тәмамдап, магистр дәрежесіне ие болды.

Тағы бір магистр  бұл жеке жетістік қана емес, филармония ұжымының зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің артуы.